Көк-жайлау тау-шаңғы курортын салуға қарсылар петицияға қол қойып жатыр.
Алматы қаласы әкімдігінің Іле Алатауы ұлттық табиғи бағы территориясында тау шаңғысы курортын салу жоспары біраз жылдан бері қызу талқыланып келеді. Оның құрылысына мемлекеттік бюджеттен 450 миллион доллар бөлінген. Бір мың гектардан асатын алаңға 17 аспалы жол, 56 шақырымдық шаңғы трассасы, Альп ауылын салу жоспарланған.
Жобаның қарсыластары жариялаған петицияға бүгінде 10 мыңға жуық адам қол қойған.
Интернет беттерінде белсенді түрде қарсылық көрсетіп жүрген блогер Мадина Исинаның айтуынша, бұл бастаманы есі дұрыс емес адамдар ғана қолдайды.
«Егер курорт салса, әрине, Сиверс алма ағашы, қарағайлар жойылады. Ол әлемдегі барлық алма сорттарының атасы болып саналады. Қазіргі таңда ол тек Қазақстанда, Көк-жайлауда ғана өседі. Бұл деген керемет қой! Бұл жемісті сақтап, қорғауымыз керек. Ата-бабаларымыз ықылым заманнан табиғатты аялаған. Бұл жобаны қарғыс атсын!», – дейді М.Исина.
Алайда бұл жобаны қолдап, пікір білдіріп жатқан мемлекет және қоғам қайраткерлері де бар.