Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматы маңында «Көк-Жайлау» тау-шаңғы курортын (ТШК) салу Қырғызстан экологиясына әсерін тигізеді, деп есептейді «Зеленое спасение» («Жасыл құтқару») экологиялық қоғам төрағасы Сергей Куратов.
«Тау бөктерлеріндегі орман ағаштарын жаппай қырқу және сол маңдағы топырақ шөптерін құрту, ол жерлерді мекен ететін жануарлардың ауып кетуіне әкеледі. Ол қоршаған ортаға ең күшті әсер болап табылады», – деді С. Куратов жұма күні ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол ТШК атмосфералық ауаның ластануына септігін тигізеді деп есептейді.
«Осыншама ауқымды құрылыс кезінде ауаға тасталатын лас заттар да артып, ол түтін ауамен ығысып, Қырғызстан аумағына дейін өтуі әбден мүмкін. Ол жолдағы мұзыдқтарға да шөгіп, олардың еруін тездетеді, ол өз кезегінде, Қазақстан мен Қырғызстандағы су сапасына да әсер етері сөзсіз», – дейді ол.
«Оны растайтын деректер осыдан 10-15 жыл бұрын География институты жариялаған ғылыми зерттеулерде көрініс тапқан. Онда түтін ығысуы үлкен биіктіктермен жүріп, одан мұзарттар зиян шегіп, олардың еруі тездеп, су сапасы нашарлдайтыны айтылады. Сөйтіп, түтін Қырғызстанға да әсер етуі мүмкін», – деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша ТШК құрылысы тек «Көк-Жайлауда» ғана емес, Үлкен Алматы шатқалында, Бутаковка аңғарында т.б. жерлерді қамтымақ.
«Зеленое спасение» экологиялық қоғам мүшелері ТКШ құрылысына қатысты қырғызстандық тарапқа жүгініп, олардың да пікірін ескеруді алға тартып отыр.
«Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының осы тұсының олар жағында қырғыздардың ұлттық бақтары бар. Оларға бұл жағдай қалай әсер етеді?», – деді С. Куратов.
Бұрын хабарланғандай, Көк жайлау шатқалында шаңғы трассаларының жалпы ұзындығы 100 км-дан асатын жаңа халықаралық тау шаңғы курортының құрылысына жолаушыларға арналған арқан жолдарының, қонақ үйлердің, сауда-көңіл көтеру орталықтарының, гольф алаңдарының құрылысы, автокөлік жолдарын, автотұрақтар салу, электр, газ, су тарту сияқты инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған.
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың айтуынша, Көк-Жайлау тау шаңғылық шипажайының құрылысы 100 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы «Көк-Жайлауды» қорғау бағытында көпшіліктен қол жинауды ұйымдастырды.
Одан басқа, «Көк жайлауды қорғаймыз» бастамашыл тобының мәлімдеуінше, Орхус конвенциясын сақтау мәселесі бойынша комитет Алматы тұрғындарының «Көк жайлау» тау шаңғылық шипажай құрылысы жобасы жөніндегі хабарын қарауға алған.