- Қоршаған ортаға әсерін бағалау жобаланған істің ерте кезеңінде жасалады. «Әр жақ түрлі вариантты қарастыруға мүмкіндік беретін және қоғамның қатысуына ықпал етуді ерте кезеңінде қамтамасыз етеді». (Орхусс конвенциясы, 4б. 6 т.).
Бүгінгі шара, (қоғамдық тыңдалым) қалай атаса да болады, бірақ шешім қабылдау үрдісі қоғамның қатысуынсыз өтеді. Талқылауға ұсынылған құжаттарды да қалай атаса да болады, бірақ ҚОӘБ деуге болмайды. Құрылыс екпінді қарқынмен басталып кеткен! Бұл экологиялық шоу қандай мақсатпен ұйымдастырылған? Халықаралық және ұлттық заңдардың ережелерін бұзған тапсырыс берушілердің күнәсін жуып-шаю үшін бе?
- Алматы қаласының ішкі байланыс және туризм Басқармасы, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, 10 қазан 2018 жылғы (№05-04/ЗТ-К-52 шығыс тіркеуі) «Зеленое спасение» Экологиялық қауымдастықтың сұранысына «Көкжайлау» 2 тау курорты ТЭН-нің «жобаның барлық бөлімдерін» беруден бас тартты.
Осылайша, туризм Басқармасы ұлттық заң ережелерін ғана емес, Орхус конвенциясының ережелерін де бұзды. Орхус конвенциясын сақтау мәселелері бойынша Комитет 2005 жылдың 18 ақпанында «Зеленое спасение»3 Экологиялық қауымдастықтың арызы аясында ұсыныстар мен шешімдер қабылдады. Онда ТЭН ашық ақпарат делінген.
Ендеше сұрақ: тапсырыс беруші ұсынған шағын ақпаратқа негізделген қоғам қандай шешімге келеді? Орхус конвенциясының 6 бабының 6 тармағына сәйкес тапсырыс беруші толық ақпарат ұсынбаған жағдайда бүгінгі шараны өткізудің заңды екеніне күмән бар.
- ТЭН әзірлеушілер заңға жөнсіз түсініктеме береді. ҚОӘБ мақсаты да ұлттық заңдардың талаптарына сәйкес келмейтін үлгіде құрастырылған.
ҚОӘБ-да, 1 кітап, 9 бетте: «ҚОӘБ-дың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тозуын болдырмау, бұған дейінгі шаруашылық іс-әрекеттердің нәтижесінде бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру, болашақтағы шаруашылық дамудың әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ету, адамдардың өміріне қолайлы жағдай жасау, жобаланған шаруашылық іс-әрекеттен келуі мүмкін экологиялық қауіп деңгейін төмендететін шараларды ойластыру».
Экологиялық Кодекстің 35 бабында:
«1т. Қоршаған ортаның әсерін бағалау аясына, шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінен адам денсаулығына және қоршаған ортаға болуы мүмкін салдарды бағалау кіреді, зиянды салдарлардың алдын алу шаралары қарастырылады (жою, деградация, бүліну және табиғи ресурстар мен экологиялық жүйелердің тозуы), Қазақстан Республикасының4 экологиялық заң талаптарын ескере отырып, қоршаған ортаны сауықтыру».
ТЭН авторлары заңға жөнсіз түсініктеме береді. Мысалы: ««Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №385 Жарлығына сәйкес (ҚОӘБ, 2 кітап, с.13б.,26б.) Іле-Алатау» МҰТП құрамынан бұл жерлер бөлінген». Бұл ұлттық парктің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Комитетіне қарасты екеніне қарамастан, бұл Жарлық ҰП аумағында жобалауға негіз ретінде ұсынылып отыр. Оған қоса, Жер Кодексінің 108 бабының 6 т. сәйкес: «жер телімдерін қала, ауыл шекарасына қосу жеке меншік құқының тоқтатылуын немесе бұл жер телімдерін пайдалану құқынан айырмайды». Яғни, ұлттық парк ұлттық парк болып қалады!
- ТЭН-де халықаралық конвенцияның талаптары сақталмаған:
Орхус конвенциясы, дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Конвенциясы, биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы.
Мысалы, екі ҚОӘБ авторлары «флора мен фаунаның тіршілік ортасы…, сонымен қатар Қызыл кітапқа енгізілген, сирек, эндемиялық түрлері» өзгеретінін немесе жойылатынын мойындайды. Онда неге жобаны тоқтатпайды? (ҚОӘБ,1 кітап, 73-74 бб., 92, 102)5. Биологиялық алуатүрлілік Конвенциясына сәйкес, өсімдіктер ғана емес, олардың өсетін ортасы да қорғалуы тиіс екені еш жерде айтылмаған, әр келісуші жақ «биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың арнайы шараларын қабылдайтын аудандар мен қорғалуы тиіс аудандар жүйесін құру қажет». Ал жобалаушылар қазіргі ұлттық парктерді жоюға себеп іздеп жүр.
- ҚОӘБ шешімі.
ҚОӘБ 109 бетінде: «әсер етудің алдын ала сараптамасы бойынша құрылыстың жоспарланған кезеңі негізінен табиғи ортаға айтарлықтай зиян келтірмейді, сондықтан экологиялық «тұрғыдан» ұйғарымды деген шешім жасауға мүмкіндік береді (назар аударыңыз – заңсыздық!).
Яғни, қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер, олардың өсетін ортасы, ормандады жою, «Қазақстан Республикасындағы барлық ормандардың қорғалғанын, олардың су қорғау, егістік және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, өзге де функцияларды атқаратынын ескерсек 6, ұлттық паркті бұзу мүмкін екен! Бірақ, авторлар қандай заң мен нормалардың негізінде бұның мүмкін екенін айтпайды!
Түйін. ҚОӘБ-дағы «Көкжайлау» курорты құрылысы және оған келетін жолдар құрылысы бойынша көптеген нақты емес және жеткіліксіз мәліметтерге қарамастан, көптеген ақпараттың жоқтығына қарамастан, ТЭН-ні әзірлеушілер, аумақтың биоалуантүрлілігіне тікелей және жанамалы әсері «флора мен фаунаның тіршілік ортасының, сонымен қатар Қызыл кітапқа енгізілген, сирек, эндемикалық түрлердің жоғалуына, өзгеруіне»7 алып келетінін мойындайды.
Біздің талабымыз.
Екі ҚОӘБ авторлары жоғарыда айтылған салдарларға әкеліп соқтыратын құрылыстың болмайтынын көрсетіп, өздері әзірлеген құжаттарды логикаға сәйкес, қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау шешімін өзгертулерін Талап етеміз.
Қазақстан Республикасының әкімшілік заң бұзушылық Кодексінің 757 бабы 5 тармағына сәйкес сарапшылар шындыққа жанаспайтын шешім бергені үшін жауапқа тартылатынын Естеріңізге саламыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың жойылу қаупі алдындағы және сирек түрлерін жою, сонымен қатар олардың тіршілік ортасын бұзу қылмыстық заң бұзушылық болып табылатынын Естеріңізге саламыз (Қылмыстық Кодекс, 339 бап).
Экологиялық қауымдастық
«Зеленое спасение»
4 қараша 2018 жыл.
[1] «Көкжайлау» тау шаңғылы курорты құрылысының ТЖН.
3 том, 1 кітап, 25 бөлім. Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау.»Көкжайлау» тау курорты.
3 том, 2 кітап. Курортқа келетін автокөлік жолы. Сыртқы су бұрғыш.
[1] Алматы қаласы ішкі байланыс және туризм Басқармасында айтылған: «ТЭН бойынша материалдарды ары қарай жариялау жоспарланбаған, бұл ҚР қолданыстағы Экологиялық Кодексінде қарастырылмаған».
[1]Орхус Конценциясы ақпарат туралы ісінде Қазақстан міндеттемелерін сақтауда «Қазатомпром» компаниясынан сұрастырылған шешімдер мен ұсыныстары («Зеленое спасение» АССС/С/2004/01 қоғамының хабарламасы (Казахстан)). 18 бапта айтылған: ««Казатомпром» компаниясынан сұрастырылған ақпарат, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі, Конвенцияның 2 бабының 3 b тармағында) кіреді».
[1] «vi) “қоршаған ортаға әсер етуді бағалау” жоспапланған істің қоршаған отаға әсерін ұлттық түрғыдан бағалау дегенді білдіреді». Трансшегаралық мәнмәтінде қоршаған ортаға әсерді бағалау Конвенциясы, 1 бап, vi тармағы). «Қазақстан Республикасының трансшегаралық мәнмәтінде қоршаған ортаға әсерін бағалау Конвенциясына бірігуі туралы» 2000 жылдың 21 қазан N 86-II Қазақстан Республикасының Заңы.
[1] ҚР ҰҒА география институтының пікірі: «жауған жауын-шашын көбіне жер беті және жер асты суларына ұласады, топырақ-өсімдік жамылғылары ол сулардың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Шағын аумақтың өзінде өсімдік жамылғысының бұзылуы шана, тау шаңғысы курорты құрылысын жоспарлаған кезде жүздеген миллион зиян әкелген сел қаупін тудырған. Түрген өзені бассейнінен шығысқа қарай, орта тау баурайының оңтүстік беткейінде соңғы 100 жылда өсімдік жамылғысының өзгеруі адам өте алмайтын, жарамсыз, құнарсыз жерге айналуда. Ол нөсер жауын-шашын кездерінде селдің қалыптасуына қолайлы жағдай туындатады» (11-12бб.).
[1] ҚР Орман Кодексі, 44 б, 1 т.
[1] «Жалпы, «Көкжайлау» ТШ шаруашылық іс-әрекетінен қоршаған ортаға келетін әсердің негізгі факторлары:
- табиғи ландшафтқа және аумақтың экожүйесіне тікелей және жанама әсер ету;
- флора мен фаунаның, Қызыл кітапқа енген, сирек, эндемикалық түрлерінің өзгеруі мен жойылуын анықтайтын аумақтың биоалуантүрлілікке тікелей және жанамалы әсері;
- орманға тікелей және жанамалы әсері;
- су көздеріне тікелей және жанамалы әсері» (ҚОӘБ, 1 кітап, 73-74 бб).