Біз, Қазақстан азаматтарының өкілдері, Алматы қаласыныңтұрғындары, Көкжайлау шатқалында тау-шаңғы курортының салынуына жол бермеуді талап етеміз және сіздің 2019 жылы берген тапсырмаңызды Үкіметтің мүлтіксізорындауын міндеттеуді сұраймыз.

Сонымен қатар, біз Алматы тау кластері жобасын барлықкезеңдерінде ашық талқылауды өткізіп, оны “табиғат – ресурс емес, серіктес” қағидасы негізінде қайта қарауды талап етеміз.

Көкжайлаудағы құрылыс Алматы тау кластерін (АТК) құруаясында жоспарланып отыр. Бұл жоба Алматы қаласыныңшатқалдарында, бұрыннан мегаполис тұрғындарыныңбелсенді демалыс орны болып келген табиғи аумақтарда, кеңауқымды тау-шаңғы инфрақұрылымын, көптеген кафе-ресторандар мен қонақ үйлерді салуды көздейді.

 

Туризм министрлігі ұсынған АТК кешенді даму жоспары 450 млрд теңге бюджет қаржысын бөлуді көздейді. Алайда бұлжоба туризм саласының мамандары, экобелсенділер мен “Атамекен” ҰКП тарапынан сынға алынды. Бұл ескертулер әліде ашық үкімет порталында қолжетімді. Соған қарамастан, мүдделі девелоперлер мен туризм саласындағы шенеуніктер сізге және ҚР Премьер-министрінежабық кездесулерде негізсіз сандар мен әдемі суреттердікөрсетіп, жобаны оң жағынан таныстыруда.

Соңғы кездері БАҚ арқылы ғана белгілі болған АТК жобаларының презентациялары тек қана қоғамдық ортағаемес, сонымен қатар салалық ғалымдар, туризм сарапшылары, таулы аймақ мамандары және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттықтабиғи паркі өкілдерінің де қарауына ұсынылған жоқ.

Бұлжобалар тұрақты туризм қағидалары мен ұлттық заңнамағақайшы келетін тәсілдерге негізделуі мүмкін деп қауіптенеміз.

Алматы таулары – жай ғана әсем табиғат немесе биосферадағыэкожүйелердің әртүрлілігі емес, бұл – мегаполистің таза су мен таза ауамен қамтамасыз етілуінің қайнар көзі. Бұл – Алматы үшін аса маңызды мәселе. Тіпті ең экологиялық технологияларды қолданғанның өзіндетау кластерін салу табиғи аймақтарға орны толмас залалкелтіреді, себебі бұл ұлттық парктер аумағындағы “ізқалдырмаңыз” қағидасын бұзады және қаланың экологиясынакері әсер етеді.

Табиғат – оған деген тұтынушылық қатынас емес, біздіңигілігімізге, демалуымыз және рухани баю үшін қажет. Жобаны жүзеге асыруға бөлінетін бюджет қаржысыазаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде инклюзия мәселесін шешуге бағытталуы тиіс. Қазіргі мегаполис тұрғындарының әрқайсысынапсихологиялық тынығу, күйзелісті жеңілдету қажет. Алматы тауларында урбанизацияланған орта құру – миллиондағантұрғынды визуалды және акустикалық шудан еркін тынышаумақтардан айырады. Бұл тауларды тек ауқатты туристергеқолжетімді қала маңы саябағына айналдырады. Біз балаларымыздың таза табиғи ортада өсуін қалаймыз жәнеқаланың у-шудан алыстап, тауларда тынығуға мүмкіндігіміздіңболғанын қалаймыз.

Петицияға қол қоюды сұраймыз

Көкжайлау – Алматыға жақынорналасқан, кез келген азаматқа қолжетімді бірегей табиғиорын. Мұндай жерлер – табиғатпен оңашада болуға мүмкіндігішектеулі қарапайым адамдар үшін таптырмас мүмкіндік. Біз Көкжайлауды құрылысқа беруді және ұлттық парктераумағында тау-шаңғы инфрақұрылымын салу жобасынқазақстандықтардың шешім қабылдауға қатысу, денсаулық пен қоршаған ортаға, әлеуметтік әділеттілікке құқығын тікелейбұзу деп есептейміз. Таулы аймақтардың даму бағдарламаларын сол өңірдіңтұрғындарының қатысуынсыз, табиғатты сақтау мақсатындақұрылған ұлттық парктердің міндеттерін ескерместен жоспарлауға болмайды. Сонымен қатар, біз альпинизм, жаяу серуен, ат туризмі, шытырман оқиғалы, этнографиялық және басқа да экотуризм түрлерін дамыту бастамаларын толық қолдаймыз.

Сізді, сондай-ақ ҚР Үкіметін осы бағыттағы туристікқауымдастықтың бастамаларын қолдауға шақырамыз. Біздің талабымыз – таулы аймақтардағы құрылыс жобаларындереу тоқтатып, айналамыздағы қоршаған ортаға зиянынтигізбей, табиғи аумақтарда туризмді дамытутұжырымдамасын дайындау мен талқылауға кешенді әріэкологиялық тәсілмен қарау.