«Көкжайлауды аман сақтап қалайық» тобының белсенділері Қазақстанның президенттігіне үміткерлерді елдегі экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлуге үндеп отыр. Мұндай мәлімдеме Көкжайлауды қорғау жөніндегі болашақ қоғамдық науқанға арналған баспасөз мәжілісі кезінде жасалды.

Көкжайлау шатқалын қорғауға арналған қоғамдық науқан Алматыда сегіз жыл бойы жүзеге асырылып келеді, қазір ол азаматтық өзіндік сана сезімнің нышанына айналып үлгерді. 2019 жылдың 8 сәуірінде Алматыда Қоғамдық кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда қала әкімі Б.Байбек «Көкжайлау» шипажайын жүзеге асыру туралы ұсынысты «құрылыс мәселелерін мұқият зертттеу қажет» деген сылтаумен 3-5 жылға шегере тұруды ұсынды. Бұл қадамды көптеген сарапшылар қоғам үшін жасалған кеңшілік ретінде қабылдаған болса, бірақ экологиялық белсенділер бұған аса сенбегенді жөн көреді.

«Жобаны жүзеге асыруды бірнеше жылға кейінге шегеру осындай маңызды мәселенің шешімі емес деп есептейміз. Мұндай құрылысқа қарсы көтеріліп отырғандығымыздың басты себебі – Көкжайлау шатқалы Іле-Алатау ұлттық табиғат саябағының құрамына кіреді және де қазір ұлттық саябақ аумағымен қорғалған. Көкжайлау шатқалын ерекше қорғалатын табиғат аймағы санатынан қордағы жерге аудару шатқалдағы және ұлттық саябаққа жапсарлас жатқан аумақтағы экологиялық жағдайдың айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқты», – деп жазады белсенділер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ашық хатында.

Ұлттық саябақтардың жерін «туризмді дамытамыз» деген сылтаумен жабайылықпен қолдану бүгінгі күні жаппай көрініс тауып, қазақстандықтардың экологиялық аман-саулығына қауіп төндіріп тұр, деп есептейді белсенді экологшылар. Алайда бұл тұста Ұлттық саябақтардың аумағын шаруашылық мақсатта қолдану жайлы ғана сөз болып тұрған жоқ. Табиғат ортасын көргенсіздікпен бұзу оқиғалары бүкіл ел аумағында орын алып, халықтың үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр. Оралдағы балықтардың қырғыны, Павлодардағы ормандарды шауып тастау, еліміздің оңтүстігі мен шығысында суайдындарының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы, ауыл шаруашылығында химикаттарды бақылаусыз пайдалану, қоқыспен лайланған өзен жағалаулары, ірі қалалардағы ауаның он есеге артық ластануы – мұның бәрі қазіргі замандағы Қазақстанның көз алдында тұрған шындық.

«Елдің экологиялық аман-саулығы бүгінгі күні бірінші жоспарға шығып отыр деп есептейді «Көкжайлауды аман сақтап қалайық» тобының өкілдері. Осы мәселелерді шешуге президенттікке үміткерлердің көңіл бөлмеуі дұрыс болмас. Біз саясаткерлерді экологиялық мәселелерге жіті көңіл бөлуге үндейміз. Осы тұста табиғат мәселелері сайлау алды науқан кезінде ғана емес, сонымен бірге, іс жүзінде жүйелі түрде шешілуі тиіс», – деп есептейді Қазақстан Қоғамдық ұйымдар экофорумының төрағасы Вадим Ни.

Анықтама:

Көк Жайлау шатқалы – алматылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті әрі ең қолжетімді экологиялық туризм орындарының бірі. Шатқал Алматы қаласының бас жағында орналасқан. Шығыстан батысқа қарай созылып, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын қосады. Ұзындығы – 15 шақырым, жалпы ауданы – 1 мың гектардан аса.

Көк Жайлау шатқалы Іле-Алатаудың бірегей экожүйесін және ландшафтын сақтау мақсатында 1996 жылы құрылған Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының құрамына 2014 жылға дейін кіріп келген.

Табиғи саябақтың флорасында 811 өсімдік түрі бар, олардың 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Фауна әлемі 1700-ден аса жануар түрінен тұрады, құстардың 13 түрі және сүтқоректілердің 8 түрі Қызыл кітапқа енген. Дәл осында жер жүзіндегі барлық алмалардың «анасы» өсіп, ілбіс мекендейді.

Алматы билігі Көк Жайлауда тау-шаңғы шипажайы, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны және би алаңы сынды спорттық ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отыр.

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылардың, яғни іс-шара спикерлерінің пікірінше, Көк Жайлау тау платосы аумағында тау-шаңғы шипажайын (таулы саябақты) салу міндетті түрде апатты салдарға әкеледі екен.

Сонымен бірге, Көк Жайлауда құрылыс салу Қазақстанның бедел-абыройына үлкен қатер келтіреді, өйткені бүгінгі күні жоба айналасында халықаралық және жергілікті деңгейдегі заңнама бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауына және сот төрелігіне жүгінуіне жағдай жасайтын халықаралық шарт – «Орхусс конвенциясының» ережелері бірталай мәрте бұзылды.

Шатқалды қорғауға арналған ашық хатқа қазір 50 мыңнан аса адам қол қойды. Қол қойған тұлғалар – бұл алматылықтар, Қазақстанның басқа елдімекендерінің тұрғындары, сондай-ақ, Қазақстанды білетін және оны жақсы көретін басқа да елдердердің азаматтары. Жұртшылықтың наразылығын әлемдегі ең үлкен және беделді табиғат қорғаушы ұйымдардың бірі – NABU Неміс табиғатты қорғау одағы қолдап отыр.

СПИКЕРЛЕР («Көкжайлауды аман сақтап қалайық» бастамашыл тобының белсенділері):

Ажар ЖАНДОСОВА, «Тауасар» ҚҚ атқарушы директоры

Вадим НИ, Қазақстан Қоғамдық ұйымдар экофорумының төрағасы

Сергей КУРАТОВ, «Жасылды аман сақтау» ЭҚ төрағасы

Дана МЕЙІРБЕКОВА, «Қорқыт» ҚҚ директоры

Қосымша ақпарат алу үшін: Татьяна Бендзь +7 777 330 41 31 tbendz@gmail.com