Көк Жайлау шатқалында сәнді шипажайды салу жобасына қатысты өтетін қоғамдық тыңдау қарсаңында экологтар, заңгерлер, экономистер, журналистер құрылысқа қарсы ұстанымдарын жариялады. Олардың ойынша, қоғамдық тыңдаудың өзі заңсыз.

 

Қоғамдық қорғаушылардың жұртшылық алдында шығып отырғандығының себебі – билік қоғамдық тыңдауларда оларға өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік бермейтіндігінде. Қоғамдық тыңдаудың регламенті бойынша жоба дайындаушыларына ғана сөз беріледі, ал жұртшылық өз пікірін тек пікірталас түрінде ғана жобаға сараптамалық бағалауды 3 минуттан аспайтын уақыт ішінде білдіруге құқығы бар.

 

Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауұйымдастырушылары жобаның экономикалық, әлеуметтік және заңгерлік тұстарына қатысты пікір білдіруге мүмкіндік бермейтіндігі жайлы жария түрде хабарлады. Сонымен бірге, қоғамдық қорғаушыларда Көк Жайлау шатқалында құрылыс жобасын дереу және біржолата тоқтату қажеттілігін айғақтайтын көптеген материал жиналып отыр.

 

Вадим БОРЕЙКО, журналис:

«Қоғамдық тыңдау техникалық-экономикалық негіздеменің кішігірім бір бөлігін, яғни қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалауды ғана қамтиды. Ал қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау – техникалық-экономикалық негіздеменің тек бір томы ғана, ал ондай томдардың саны төртеу. Бірінші томның ішінде 6 кітап бар. Біріншісі – Маркетинг, аумақты талдау. Екіншісі – Аумақты кешенді бағалау, инженерлік ізденістер. Үшінші кітап – тұжырымдама, яғни аумақты дамыту нұсқалары. Төртіншісі – ғимарат пен құрылыстың негізгі жоспары, бас жопары. Бесіншісі – кірме автожол және сыртқы су тарту желісі. Алтыншысы – әлеуметтік, институциялық, қаржылай-экономикалық тараулар, тәуекелдерді талдау. Екінші том – графикалық материалдар. Үшінші том – қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау. Төртіншісі – сметалық құжатнама. Осы аталғандардың барлығы экологияға қатысы бар маңызды ақпарат емес немене? Жоба жайлы бізге толық мәліметтерді ұсынудан бас тартып жатса, бұл нені білдіреді? Не бұлар бір жайтты жасырып отыр, не құжат экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негізсіз, немесе бұл қоғамдық пікірге немқұрайлы қараудың нақ өзі».

Толық техникалық-экономикалық негіздемені қарап шыққан сарапшылардың мәліметінше, жиынтық сметалық есеп ағымдағы бағам бойынша 89,5 млрд теңге немесе 230 миллион долларды құрайды. Дәл осы техникалық-экономикалық негіздемеде шипажайда 268 жұмыс орны құрылады деп көрсетілген. Сонда 1 жұмыс орнын құру 858 мың доллар тұрады. Мұндай жобаның өтемпаздығы жайлы сарапшылар мынандай ой білдіріп отыр:

 

Дмитрий ЖУКОВ, қаржыгер:

 «Бұл жоба ешқашан өтелмейтіні анық. Өйткені билеттің орташа бағасы 5 мың теңге болған күннің өзінде (әкімдіктің уәде еткен әлеуметтік жеңілдіктерін қоспағанда) 89,5 млрд. теңгені өтеу үшін 18 млн. билет сатып, ешқандай операциялық шығындарға түспеу қажет болады. Ал шығындардың болмауы мүмкін емес: бұл шығындар шипажайдың толуына байланысты билет бағасының 30%-дан бастап 100%-ға дейінгі бөлігін құрамақ. Бұл үшін 1 мың адам әбден зиян көрген, лас платоға 49 жыл бойы күнде көтерілуі тиіс болады.

 

Нұрсұлтан  Белқожаев, MSc in Innovation and Product Management:

 «Сатылатын тұрғын үй шаршы метрінің келешекте белгіленуі мүмкін құны туралы ақпарат ТЭН-нің барлық басты тарауларында көрсетілген, бұл жобаның табысты шығуы үшін осы өлшемнің аса маңыздығы екендігін байқатады.

ТЭН-де көрсетілген ақпаратқа сенсек, 8-10 мың адамға шақталған аса шектеулі нарықта қызмет ететін жаңа шипажай көп ұзамай операциялық шығындарды өтеу үшін шаңғышылар санының жетіспейтіндігіне тап болады. Мұндай жағдайда әртүрлі нысандағы жылжымайтын мүлік табыс табудың және құйылған ақшаны қайтарудың басты көзіне айналады Көк Жайлауда ешқашан тұрғын үй болмайды деген әңгіме өтірік болып шығады: тұрғын үйді салып, оны сатуға тура келеді, өйткені шаңғышыларға қарап отыру мүмкін емес болып шығады».

 

Демек, Көк Жайлауда сатылымға ешқандай жылжымайтын мүлік нысанын салмаймыз деп уәде беріп отырған билікке сенуге болмайды,  деп қорытындылайды «Тауасар» ҚҚ басшысы Ажар Жандосова.

 

Ал экологтардың пікірінше, шипажай мен жол құрылысының ТЭН-і ең кем дегенде Қазақстаның экологиялық заннамаларына және халықаралық конвенциялар нормасына сәйкес келмейді.

 

Сергей КУРАТОВ, «Зеленое спасение» ЭҚ басшысы:

 «ТЭН-де Орхусс конвенциясының, Дүниежүзілік мұра туралы конвенцияның, Биологиялық саналуандылық туралы конвенцияның талаптары ескерілмеген. Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау жоспарланып отырған қызметтің ең ерте кезеңіненде жасалуы тиіс. Орхусс конвенциясына сәйкес әрбір тарап әртүрлі жолдарды қарастырып, жұртшылықтың жан-жақты ат салысуы үшін бүкіл мүмкіндік бар болған ең ерте кезеңде жұртшылықты қатыстыру қажет.

ТЭН-нің өзінде күрделі нақты дәлсіздіктер бар. Мәселен, шатқал жерінің мәртебесіне қатысты айтар болсақ, бұл кейде саябақ аумағы, кейде Іле-Алатау ұлттық саябағында қорғалған аумақ болып шыға келеді. ТЭН-ді дайындаушылар заңнаманы өз бетінше түсіндіруге жол беріп, ұлттық саябақ аумағында әрекет етпейтін, жоқ құқықтық актілерге сілтейді. Олар жер заңнамасын және ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды өз бетінше түсіндіреді. Қазір Іле-Алатау ұлттық саябағының экологиялық жүйелеріне зор зардабын тигізіп отырған әкімдіктің заңсыз әрекеттері жалғасып жатқандығы да ескерілмеген. Әкімдіктің осылай заңды бұзып отырғаны атқарушы органға деген сенімді жойып, шатқалдың болашақ тағдырына алаңдаушылықты тудырады».

 

Сондай-ақ, сарапшы заңгерлер жоба дайындаушылары ұсынған құжаттарда өрескел заң бұзушылықтарды тауып отыр. Олардың пікірінше, «Көк Жайлау» таулы шипажайының құрылыс ТЭН-і және қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау оларға сәйкес шешім қабылдауға арналған тиісті құжат емес және сол себепті қоғамдық тыңдаулар заңсыз болып табылады.

Вадим НИ, Қазақстан Қоғамдық ұйымдар экофорумының төрағасы:

 «Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау материалдары ТЭН мемлекеттік сатып алу туралы шартына, оларды сатып алу байқауының ережелеріне қарама-қайшы түрде дайындалып, түбегейлі түрде басқа нысанға, яғни тау-шаңғы шипажайының орнына, таулы шипажайға арнап дайындалған. Тау-шаңғы шипажайы және таулы шипажай бірдей нысан болып табылмайды, әсіресе, нысанды жобалау, оның қоршаған ортаға әсерін бағалау кезеңінде мүлдем бөлек болып табылады. Тау-шаңғы инфрақұрылымы бар тау-шаңғы шипажайы таулы мекенде орналасқан шипажайға қарағанда, қоршаған ортаға әсері басқаша әрі техникалық жағынан күрделі нысан екендігі анық.

ТЭН мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 2.1 тармағына өзгерістер енгізіліп, бюджеттік инвестицияларды негіздеу нысанында тау-шаңғы шипажайынан таулы шиажайға өзгертілген болса, онда бұл түзетулер «Мемлекеттік салып алу туралы» заңның 45-бабы 1 тармағының талаптарын бұза отырып енгізілген.

Сатып алу рәсімдері мен шарттарын анықтан-анық бұзу, бюджеттік инвестицияларды негіздеу нысанына қатысты жобалаушыларға арнап қойылатын техникалық тапсырманы дұрыс белгілеме, мұның бәрі дайындалған ТЭН мен Қоршаған ортаға әсерді бастапқы бағалау заңдылығына қатысты мәселе шешілмейінше, ары қарайғы шешім қабылдау рәсімдерін өткізудің жөні жоқ дегенге қорытындыға әкеледі».

 

Жоспарланып отырған құрылысқа қатысты халықаралық сарапшылар да үлкен алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Ломоносов атындағы МҰУ география факультетінің доценті Александр Хорошевтің жобаға қатысты қорытындысы төменде келтірілген:

 

Александр ХОРОШЕВ, Ломоносов атындағы МҰУ география факультетінің докторы:

«Жобаны жүзеге асырған жағдайда елдімекендерді сел қаупімен, сейсмикалық қатермен, су тасқынымен байланысты жаңа геодинамикалық үдерістердің қауіпінен қорғау үшін қымбат бағалы көптеген іс-шараларды жүргізу қажет болады.

Шипажайды құрған жағдайда, Кіші Алматы алқабындағы көлік ағынының өсуі Алматы-Медеу жолын кеңейтуге әкеледі. Ал мұны суқорғау аймағындағы орманмен жабылған алаңды қысқарту арқылы және де оның сел қаупінен қорғауға, ағын суды ұстап тұруға қосып отырған оң үлесін төмендету есебінен ғана жасауға болады. Алқаптың төменгі бөлігінде автокөліктен келіп түскен ластаушы заттар көлемінің артуы таулы-алқапты ауа айналымының кешкі және түнгі уақытта қала жағына көшуіне және де қаладағы ауаның нашарлауына әкеліп соғады.

Шипажай аумағынан тысқары алаңдарға жайылатын алыс болашақтағы қайтымсыз әсерлердің көптігінен тау-шаңғы шипажайын жүзеге асырған жағдайда туындайтын экологиялық қауіптерге жол беруге болмайды».

 

Анықтама:

Көк Жайлау шатқалы – алматылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті әрі ең қолжетімді экологиялық туризм орындарының бірі. Шатқал Алматы қаласының бас жағында орналасқан. Шығыстан батысқа қарай созылып, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын қосады. Ұзындығы – 15 шақырым, жалпы ауданы – 1 мың гектардан аса.

 

Көк Жайлау шатқалы Іле-Алатаудың бірегей экожүйесін және ландшафтын сақтау мақсатында 1996 жылы құрылған Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағының құрамына 2014 жылға дейін кіріп келген.

 

Табиғи саябақтың флорасында 811 өсімдік түрі бар, олардың 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Фауна әлемі 1700-ден аса жануар түрінен тұрады, құстардың 13 түрі және сүтқоректілердің 8 түрі Қызыл кітапқа енген. Дәл осында жер жүзіндегі барлық алмалардың «анасы» өсіп, ілбіс мекендейді.

Көк Жайлауда кім және қандай құрылыс жүргізейін деп жатыр?

Алматы билігі Көк Жайлауда тау-шаңғы шипажайы, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны және би алаңы сынды спорттық ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, бұл «2300 метр биіктегі Панфилов көшесіне» айналады. Сондай-ақ, Медеу – Көк Жайлау гондолды жолын салу да қарастырылған. Құрылыс 2020 жылдың сәуіріне жоспарланған, ал шипажайдың 1-кезегі 2021 жылдың 1 желтоқсанында ашылады. Жоба құны – 200 млн. АҚШ доллары, ал бұл – 66 млрд. теңгеге тең мемлекеттік ақша.

Әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылардың, яғни іс-шара спикерлерінің пікірінше, Көк Жайлау тау платосы аумағында тау-шаңғы шипажайын (таулы саябақты) салу міндетті түрде апатты салдарға әкеледі екен.

 

Атап айтқанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес 50 шақырымнан аса тау-шаңғы трассасын салу жоспарланған. Трассаны жүргізу үшін гектар-гектар орман кесіп тасталып, бірнеше шақырым тау беткейі көлденеңінен пішінделеді. Осының нәтижесінде шипажайдың маңайындағы өсімдік әлемі жойылып, жануарлардың, соның ішінде Қызыл кітапқа енгізілген ілбістің және Сиверс алмасы өсетін аймақтың тас-талқаны шығады. Тау беткейін көлденеңінен пішіндеу топырақ эрозиясына және шөгінділердің түзілуіне әкеліп соғады.

 

Сарапшылардың бір ауыздан айтып отырған пікірі бойынш, Медеу – Көк Жайлау гондолды жолын салу шөгіндердің түзілуіне әкеліп, Үлкен және Кіші Алматы алабындағы тау өзендерінде сел-көшкін қаупін қатты күшейтуі мүмкін.

 

Сондай-ақ, жоба аясында плато аумағында екі футбол алаңына тең жасанды көлді салу қарастырылған. Мамандардың бағалауынша, тау-шаңғы трассасынада қар жетіспеуі мүмкін болғандықтан, көл трассаларды қармен жабу үшін қажет екен. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес плато аумағындағы құрылыс алаңы дәл тектоникалық жарылым қалыптасқан жерде орналасқан, ал бұл жер сілкінісі болған кезде қала тұрғындарына үлкен қауіп төндіреді.

 

Сонымен бірге, Көк Жайлауда құрылыс салу Қазақстанның бедел-абыройына үлкен қатер келтіреді, өйткені бүгінгі күні жоба айналасында халықаралық және жергілікті деңгейдегі заңнама бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауына және сот төрелігіне жүгінуіне жағдай жасайтын халықаралық шарт – «Орхусс конвенциясының» ережелері бірталай мәрте бұзылды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

  • Ажар Жандосова «Тауасар» ҚҚ, +7777213 0560 Azhar.jandossova59@gmail.com
  • Сергей Куратов,  «Зеленое спасение» Экологиялық қоғамының төрағасы, тел. 253-62-56, gsalmaty@gmail.com