«КӨК ЖАЙЛАУДЫ ҚОРҒАЙЫҚ» БЕЛСЕНДІЛЕР ТОБЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
27 қараша 2018 жыл
Алматы қаласы
«Көкжайлау» ТШК жобасы төңірегіндегі жағдайларға байланысты, біз «Көкжайлауды қорғайық» белсенділер тобы, табиғатқа бей-жай қарамайтын заңды емес дербес қауымдастық, келесіні мәлімдейміз:
1. «Көкжайлауды» қорғайық бастамасы аясында, Көкжайлау шатқалын сол күйінде сақтап және оған бөлінген жер телімін Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтарудан өзге ешқандай мақсат-мүддені көздеп отырған жоқпыз. Әсіресе ешқандай саяси мақсаттарды көздеп отырмағанымызға баса назар аударамыз.
2. Біз шатқалды табиғи күйінде құнттап, экотуризмнің дамуын қолдаймыз. Көкжайлау шатқалында кез-келген курорт салу туралы биліктің шешімін ой саяздығы және құқықтық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қауіпті деп санаймыз және «нольдік нұсқаға» оралу, яғни құрылыс салудан біржола бас тату туралы талабымызды жалғастыра береміз.
3. Біз 4 қарашада өткен қоғамдық тыңдауларды заңсыз деп санаймыз, өйткені, біріншіден, жұртшылық өкілдері дайын жобаны талдауға, идея талқыланып жатқан кезде емес, нысан құрылысы (қосалқы стансаның екі қабатты қаңқасы тұрғызылған) басталып кеткеннен кейін, техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) өткізген соң шақырылды. Бұл қазақстандық және халықаралық заңнамаларға – ҚР Экологиялық кодексінің 35 бабына және Орхус конвенциясының 6- бабына қайшы келеді.
Екіншіден, талдауға қоршаған ортаға әсер етудің барлық техникалық-экономикалық негіздемесі емес, тек алдын-ала бағалауы ғана ұсынылды.
Үшіншіден, аталған құжаттарды дайындау барысында, жобаланып отырған нысанның функционалдық мақсаты (тау шаңғылы курорт «тау курортына» өзгерді), оған сәйкес оның қоршаған ортаға әсерін бағалау көзі өзгерді, бұл мемлекеттік сатып алу туралы заңға қайшы келеді.
Төртіншіден, өз пікірлерін білдіру үшін шатқалды қорғаушыларға құрылыс салуды жақтаушылармен тең мүмкіндік берілмеді. Тыңдаулар барысында біз ұлттық және халықаралық заңнама бұзылуының басқа да көптеген деректерін байқадық.
4.Қоршаған ортаға келетін әсерді, құрылысқа қарсы шыққандар тарапынан жасалған барлық сараптамалық қорытындылар мен ескертулерін кешендік және өкілдіктен тыс, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолданатын құжаттарға қосуды және техникалық экономикалық негіздеменің барлық материалдарын ашық түрде жария етуді және қазақ тіліне аударуды талап етеміз.
5.Біз ары қарай күресе береміз. Және Көкжайлауды қорғау турасындағы жұмысымызды барлық заңды әдістерге сүйеніп жалғастыра береміз – құрылысқа қарсы азаматтардың қолтаңбаларын жинап, құрылыстың болуы мүмкін салдары туралы тұрғындарды ақпараттандырып, түрлі шараларды ұйымдастырып, ҚР мемлекеттік орындары мен халықаралық ұйымдарға үндеу және т.с.с. жүргіземіз.
Қол қойғандар:
1. Ажар Жандосова, «Тауасар қоры» ҚҚ атқарушы директоры
2. Вадим Ни, Қазақстанның қоғамдық ұйымдары Экофорумының төрағасы
3. Вадим Борейко, журналист
4. Жәмилдә Жүкенова, Алматы каласының тұрғыны
5. Нұрсұлтан Белходжаев Алматы қаласының тұрғыны
6. Елена Ерзакович, Алматы қаласының тұрғыны, тәуелсіз сарапшы
7. Жанна Спунер, «Алмалы Жумак» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі
8. Татьяна Ткаченко, Алматы қаласының тұрғыны
9. Татьяна Бендзь, Алматы қаласының тұрғыны
10. Дмитрий Жуков, қаржыгер
11. Ләззәт Ескергенова, Алматы қаласының тұрғыны
12. Аида Альжанова «Adam Damu» ҚҚ төрайымы
13 .Мәдина Мусина, блогер
14. Сүйінбике Сүлейменова, суретші, режиссер
15. Сергей Соляник, Алматы қаласының тұрғыны
Біздің Арызымыздың барлық тармақтарымен келісетін болсаңыз – «Көкжайлауды қорғайық» белсенділер тобына қосылыңыздар!
Е-мейл жазыңыздар: savekokzhailau@gmail.com
Хабарласыңыздар: +7 (707) 222-69-21 (Ажар)
Фото: Олжас Омаров (Olzhas Omarov).