Халықаралық ірі тау шаңғылы курорты делінген «Көкжайлау» тау курортының маркетингтік сараптамасынан келесі картинаны көруге болады:
- Ғаламдық нарықтың жағымды тенденциялары;
- Жаңа жоба үлгі алатын жүзеге асырылған табысты жобалардың үлгілері;
- Осы ғаламдық нарықта Қазақстанның бәсекеге төтеп бере алатындығын дәлелдейтін фактілер;
- Нақты анықталған мақсатты топ;
- Сұраныс пен табыстың түсінікті есептемелері.
Жобаның маркетингтік бөлігін ашқанда біз не көреміз?
- Ғаламдық нарықтың тенденцияларын қолайлы деуге болмайды
«Қай елде болмасын бұл салада ұзақ мерзімді өсім құру күрделі екенін” авторлар мойындайды, (164 бет). Соңғы 15 жылда ғаламдық нарықта өсім байқалмайды, тау шаңғысы 60-70 жылдардағыдай спорттың қоғамдық түрі болып табылмайды. Ары қарай авторлар, Еуропа мен Азия нарықтарындағы айырмашылықтарды атағанымен, қоғамды сендіре алмаған тәрізді.Құжаттан алынған бір цитатаны талдайық (173 бет):«Еуропадағы шаңғы курорттарының жетілген стадиясы:
– зейнеткерлікке шығатын халықтың тұралаушылығы мен қартаюы, бэби-бумерлер;– жаңа шаңғышыларды тарту жеткіліксіздігі;
– бәсекелес курорттар қатарының көбеюі мен жалпы осындай қызмет түрлерінің өсуі;
– инновациялық технологияларды аз пайдалану;
– 4 маусымда қызмет көрсетпеу;
– нашар маркетинг;
– келушілер жиналатын негізгі орындар: ірі мегаполистерден шалғайда, мақсатты бағыттағы курорттар.
Азия курорттарының қайта құрылуы/ дамуы:
– айтарлықтай жас демография: жас буын өкілдерінің үлкен пайызы;
– Қытайда спорт сән трендтерінің негізгі бағыттарына айналды;
– жапонның тау-шаңғы нарығы қайта қалпына келу кезеңінде;
– Қысқы олимпиада есебінен маңыздылықты арттыру: Корея,Қытай;
– келушілердің негізгі жиналатын орны: тау шаңғы курорттарына жақын орналасқан ірі қалалар, күнделікті қонақтарға қызмет көрсететін/сағаттық қонақтар».
Басқаша айтқанда, нарық та өз позициясын жоғалта бастаған Еуропа мен нарықтың гүлденуіне қадам басқан Азия. Бірақ, мұндай картинаға нақтап қарайтын болсақ, барлығы біз ойлағандай емес. Біріншіден, мұнда қателіктер бар, төмендегі кестеден «жапон тау шаңғылы курорты қайта қалпына келу фазасына аяқ басты» деп тұжырымдауға болмайды.
Жапонияның тау шаңғылы курорттарына келушілер динамикасы, IRSMT-2018
Кореяда да Пхенчхандағы 2018 жылғы қысқы олимпиадаға қарамастан тау шаңғылы спорттың «маңыздылығы артты» деуге болмайды.
Оңтүстік Корея тау шаңғылы курорттарыа келушілер динамикасы, IRSMT-2018
Бұл туралы International Report on Snow & Mountain Tourism 2018 (ары қарай IRSMT-2018) есеп беруінде жазылған, құжат авторлары осыған сілтеме жасайды, яғни бұл кестелер де олар үшін жаңалық емес: «… 2000-жылдар соңында ашылған жоғары деңгейлі бірнеше курорттың ашылуына қарамастан, сұранысты ынталандырады деп үміттенгенімен келушілер қатары азайды. Оңтүстік Корея да шет елдік туристерді шақырып, үкімет қолдаған көптеген жарнама кампанияларын әске қосты. Бірақ, тоқыраудың себебінен, бір жағынан қазіргі экономикалық ахуалға және ұлттық деңгейде ғана емес, бүкіл Азия көлемінде осы нарықта сұраныстың азайды…»
Нарықта сұраныстың азаюының екінші себебін авторлар, тау шаңғысын спорт ретінде емес, дем алу құралы ретінде насихатталғанынан көреді. Бірақ, көрші Жапонияда курорттар классикалық концепция бойынша салынған, соған қарамастан келушілер қатары көбейген жоқ. Сондықтан олар еуропалық курорттардан үлгі алып, қызмет түрлерін кеңейтуде, көпшілік тіпті жапон тауларының «Диснейлендірілгені» туралы айтуда.
Ал Қытай, 2022 жылғы қысқы Олимпиада алдында осы спорт түріне елдің қызығушылығын арттыруда. Бірақ, бұл Олимпиададан кейін де сақтала ма? Қазақстан неге Оңтүстік Кореяның емес, Қытайдың жолымен жүруі керек?
Қытай тау шаңғы курорттарына келушілер екпіні, IRSMT-2018
Бұл сұрақтарға жауапты түйіндемелерден таба алмаймыз, себебі сұрақтың өзі де, оның жоқтығына тіпті күмән да жоқ. Басқаша айтқанда, авторлар тау шаңғылы курортының ғаламдық нарығына асыра оптимистік пен қараған. Бұл негізделмеген оптимизм құжаттағы өзге цитатада белгіленген:
«3 жылғы тоқыраудан немесе төмендеуден кейін әлем бойынша, шаңғышылардың келу көрсеткіші тағы да жоғары өсу тенденциясын көрсетуде. Бұл, бұқаралық ақпарат құралдарынадағы көптеген пессимистік мақалаларға қарамастан, шаңғы индустриясының енді қауіпсіз көкжиекке бағыт алғанын білдіреді(175 бет)
Бірақ, төмендегі графикке қарасақ, ондай оптимизмді көру қиын. Нарықтың ұзақ уақыт бойы тоқырауын ескерсек, өсім тенденциясының жоғарыға бағдар алғаны туралы айту ертерек. Қанық нарыққа қомақты қаражат салу – бұл үлкен тәуекел.
Әлемдегі тау шаңғысы курорттарына келу екпіні, млн., IRSMT
Жастар шаңғымен немесе сноубордпен уақыт өткізуге тырыспайды, олардың жаңа қызығушылықтары пайда болуда, еуропа мектептерінде енгізілген тау шаңғысы сабақтары да ахуалды өзгерте алмауда, ендеше бұл жағдай мұндай инвестицияның болашағы туралы ойлануға себепкер болмақ. Маркетингтік сараптау авторлары, «бұқаралық ақпарат құралдарындағы көптеген пессимистік мақалаларды» кесімді түрде қабыл алмауда және өз оптимистік шешімдерінде ғаламдық нарықтағы динамиканың өзгеруін басшылыққа алып отыр. Сараптамада ондай тәсілдеменің жасалуына, оның дұрыстығына оқырмандар күмәндануы мүмкін.
Авторлардың тоқыраулы нарықта Азияны қолайлы нарық ретінде көрсетуге құлшынысы тағы бір цитадада көрсетілген:
«Инновация мен әртараптандыру:
• Еуропа: жазда басталады, қысқа ауысады, 4 маусымдық дәрежені дамыту.
• Азия: курорттарды дамытуға негіздеме жоқ. ТЕК – бір маусымға арналған» (174 бет)
Басқаша айтқанда, спорттың осы түрі кең етек алған – 20 ғасырда курорттар салған Еуропа, енді тау шаңғысы спортына қатысы жоқ өзге де түрлі қызмет түрлерін енгізіп, қыста да, жазда да келушілерді тартып, қыспақтан шығуға ұмтылуда. Ал Азияда ондай қажеттілік жоқ сияқты, себебі онда тек тау шаңғысына арналған «бейімделген» курорттар салынуда. Дегенмен, IRSMT-2018 есептемелеріне назар аударсақ, Оңтүстік Кореяда мынандай ахуалды көруге болады:
«…барлық курорттар жыл бойы қызметтерін ұсынады. Олардың көпшілігінде кем дегенде бір гольф, жабық бассейн, дүкендер бар. Ішкі сауда орталықтары боулинг, стөл теннисі, видеоойындар, фильмдер, караоке, мейрамхана, түнгі клубтар тәрізді түрлі ойын-сауық шараларына толы, сондықтан курорттардың көбі түнде де, күндіз де белсенді қызмет көрсетеді. 3 курортта аквапарк пен тақырыптық парк бар. …Оңтүстік Кореяда тау шаңғысы дем алыс түрі ретінде насихатталған еді, сондықтан спорт түрі ретінде емес, сән ағымы ретінде жылдам қабылдануда. …Қазіргі кезде елде дем алудың өзге түрлеріне ауысу жүруде. Соңғы бес жылғы орташа көрсеткішті ескерсек, келушілер қатарының ұзақ мерзімге төмендеуінен қауіптену ойға қонымды. Тіпті Кореяның 2018 жылы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізу алаңына айналғаны, шаңғы спортының танымалдығының артуына ықпал ете алмады. Өкінішке орай, спорттың қысқы түрлерін дамыту бойынша үкімет пен жеке сектор бірігіп, қолдаған жоқ..»
Қытайға қатысты айтар болсақ, олар бірнеше кешенді қызмет көрсететін курорттарды дамытуда. Мысалы, ірі курорт Ванда Чанбайшань іргелі туристік кластер ретінде дамуда. Оған аквапарк, ыстық бұлақтар, SPA, театр, аңшылық, балық аулау, рафтинг, қорық аумағына серуендеу, велосипед тебу, қарда жүретін көлік, ит жеккен арба және өзге де түрлері кіреді.
Іргелі тау шаңғылы кластер Чунли, олимпиадалық ойындар өткізуге салынған, басында тек тау шаңғылы курорт желісі ретінде насихатталған болатын. Олар 2017 году концепцияларының өзгергенін және сауда залдары, мейрамханалар ашып, жазда жартасқа өрмелеу қызметін, музыкалық қалашық және өзге де қызмет түрлерін кеңейткенін жариялаған еді.
Жалпы, ТЭН-де «Көкжайлау» ТШ-на қай бағыт дұрыс келетіні түсініксіз. Қазақстанға неге осы нарыққа бару керек? ТЭН маркетингтік бөлімінен бұл сұрақтарға жауап таба алмаймыз. Осы тақырыпқа дұрыс қойылған сұрақ та жоқ. Тек бағыты нақты көрсетілмеген жобада негізделмеген оптимизм ғана бар.
2.Жаңа жоба үлгі алатын іске қосылған табысты жобалар мысалдарынан оны қаладан тыс жерге салу керек екенін байқаймыз
173 бетте келтірілген цитатаның соңғы тармағы күмән келтіреді:
«– келушілердің негізгі жиналатын орындары: тау шаңғылы курортарына жақын орналасқан ірі қалалар,күнделікті қонақтарды / сағаттық қонақтарға қызмет көрсетеді».
Фактілерге назар салайық. «Тау шаңғысы спортының болашақ астанасы» ретінде қытайдың Чунли қалашығын айтады. Онда үш тау шаңғылы курортынан құралған кластер орналасқан. Болашақ олимпиадалық ойындар осы жерде өткізілмек. Шынтуайтқа келгенде Қытайдағы тау шаңғысы спортының кіндігі осы жерде. Қалашық тұрғындарының саны 126 000 адамды құрайды. Жақын маңдағы ірі қала – Пекин – Чунлиден 250 шқ қашықта орналасқан, немесе одан 4 сағаттық жерде.
Қытайдың өзге ірі курортының бірі Ванда Чанбайшань Шеньяннан 6 сағаттық жерде, 526 шақырым қашықта орналасқан.
Егер мұндай ара қашықты жақын деп есептесек, Алматы қаласы тұрғындары белсене талқылап жүрген жобаланған курортың салынуы тиіс орны туралы сауалға келетін болсақ, шипажай Текеліде (Алматыдан 293 шқ) салынатын болса, оны да жақын деуге болады. Онда осы идеяға жоба авторлары неге қарсы екені түсініксіз. ТЭН маркетингтік бөлімінде көрсетілгендей бұл уақыт ағымына сай, курорттың табыстылығына оңтайлы ықпал етуі мүмкін. Авторлардың айтуынша қарастырылып отырған құжаттардағы тау шаңғылы 4 курортты қарастыратын болсақ, «көрсеткіші үздік үлгі» және «инфрақұрылымы, мүмкіндігі және табиғи ресурстары жағынан, сонымен қатар нарыққа бағдарына сәйкес өзгелерден ерекшеленетін және табысты қамтамасыз ететін кей факторлар жайында түсінік береді», (161 бет), ендеше бұл курорттардың барлығы ірі қалалардан айтарлықтай шалғайда орналасқан. Канадалық Сан Пикс курорты Ванкуверден 4,5 сағаттық жерде, 411 шқ қашықта орналасқан.
Швейцариялық Церматт курорты Женевадан 3 сағаттық жерде, 232 шқ қашықта орналасқан. Оған қоса Церматта автокөлік қозғалысына тыйым салынған (электромобильдерді есептемегенде), сондықтан оған пойызбен бару ыңғайлы.
Украиндық Буковель курорты ірі қала Львовтан (тұрғыны 728 350 адам) 3,5 сағаттық жерде, 230 шқ қашықта орналасқан. Одан жақын аса ірі емес Ивано-Франковск (тұрғыны 226 594 адам) қаласы бар, оған дейін 1,5 сағаттық жер, 94 шқ.
Соңында, францияның Куршевельі Лионнан (506 615 адам), 206 шқ қашықта орналасқан және 2,5 сағаттық жол немесе 130 шқ қашықта, 1,5 сағаттық жол жүретін Гренобль қаласы бар (160 779 адам).
«Тау шаңғылы курорттарының салыстырмалы сараптамасына» негізделе отырып, (есептеулердің дәл осы тарауында бұл төрт курорт ең табысты деп аталған), біздің тауға тау шаңғылы курорты дамыту қажет деу артық, керісінше барынша зиянды, себебі, алматылықтарды жағымсыз әсерге бөлейді, бұл сәтті авторлар елемей отыр, тіпті жергілікті тау шаңғылы курорттардың бәсекелестік кестесінде әуежайдан курортқа дейінгі ара қашықтықты фактордың бірі ретінде қарастырады. (119-121 бет).
Сөз арасында, шаңғышылар саны бойынша әлемнің жетекші курорты – La Plagne (қарастырылып отырған құжаттың 131 бетінде айтылған) – Альпідегі өзге де курорттар сияқты аңғарды шөлденуден сақтау үшін салынған. Ол жердегі ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндірісі дағдарысқа ұшырап, жастардың жұмыс іздеп ел кезіп кетуіне себеп болған еді. 1960 жылы (Aime, Bellentre, Longefoy и Macôt) 4 қала өз мүддесін қорғайтын қауымдастық құрған болатын. 1961 жылдың 24 желтоқсанында La Plagne екі көтергіші және төрт бөктері бар курорт болып ашылды. Осылайша, шалғайдағы елді-мекендерді дамыту әдісі ретінде тау шаңғылы курорттарын ашу – көптеген тәжірибелермен мақұлданған дұрыс стратегия.
Жалпы, біз бүгін де ірі қалалардан шалғайда орналасқан дем алу аймағы Алакөлдің тек нарықтың механизмдеріне сәйкес табысты дамып жатқанын көре аламыз. Оған қоса, ТЭН авторлары:
«Бұған дейін біз ахуал өзгереді және адамдардың көп бөлігі ірі қалаларға қоныстанады деп болжаған едік. Бірақ, соңғы 2-3 жылда Қазақстанда кері тенденция да бақылануда. Қазақстандықтар ірі қалалардан ауылдық жерлерге қоныс аударуда..» (7бет)
Үлгі ретінде қарастырып отырған курорттардың инфрақұрылымын, тау шаңғысы бөктерінің ұзындығы, тегістелуін, жүк көтергіштігін және сол сияқты сараптаманың өзге аспектілеріне күмән келтіріп отырғанымыз жоқ. Десек те, жоба туралы қоғамдық резонансты ескерсек, жоғарыда айтылған аспектті елемеу қателік болады деп есептейміз.
3. Қазақстанның ғаламдық нарықтағы бәсекелестігін растайтын фактілер жоқ
Ондайды біз өмірде де, қарастырып отырған құжаттардан да көре алмаймыз. Авторлар, қолдағы бар әлеуетке қарамастан Қазақстанға «дамыған туристік база және инфрақұрылым, кадр жетіспеушілігі, нашар ұйымдастырылған маркетинг, қолайсыз кәсіпкерлік орта, тиісті заң актілерінің жоқтығы» тән екенін айтады. (98-99б.)
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУ САРАПТАМАСЫ» деп басталатын бөліміндегі түйіндемелерден үзіндіде тау шаңғылы курортқа шет елдіктерді тартуға қатысты жоспарлары оптимистік көзқарастан алыс..
«Туристер орналасатын нысандардың көпшілігі халықаралық стандарттар сапасы деңгейінен әлі де төмен, әрине қандай да бір ресми реттеуді қажет етеді …» (99 бет)
«…Тұрақты экономикалық даму кезеңінде 5* қонақ үйлерге баса ерекше назар аударылғанын ескерсек, қонақ үйлерді басқаратын халықаралық компанияларға қарасты 3* және 4* қонақ үйлердің жетіспеушілігі байқалады. Жоғары сапалы қонақ үйлердегі баға негізінен бәсекелестіктің жоқтығынан әсіресе 5* сегментте, халықаралық орташа деңгейден асып түседі. Халықаралық басқару компанияларына қарасты 5* отелдер, әдетте стандартты тариф орнатады, яғни Еуропа отелдерінің бағасымен салыстырғанда бөлме 2-3 есе артық бағамен ұсынылады» (99б)
Көрші Қырғызстанмен салыстыратын болсақ, онсыз да сұрықсыз картина одан сайын сұрықсыздана түседі. Қазақстанға келген шет елдіктер саны Қырғызстанға қарағанда әзірге асып түседі. Алайда, нашар жағдайдан бастаған көршілеріміз айтарлықтай табысқа жетіп келе жатқанын байқамауға болмайды.
Қазақстан мен Қырғызстанға келушілер саны, ВТО
ТЭН маркетингтік бөлімі авторлары бұл бөлімде былай деген:
… Табысы төмен шаңғышыларға бағытталған нарық сегментінде «Көкжайлау» тау курортына Қырғызстан айтарлықтай бәсекелес бола алады, бірақ, орташа және жоғары табысты шаңғышыларға бағытталған нарық сегментінде бәсекелестік туғыза алатына күмән бар». (125 бет)
Бұл болуы мүмкін жағдай неге негізделгені түсініксіз. Ал Қырғызстан халықаралық деңгейдегі тау шаңғылы кластерін құруға үмітті. Бірақ ол жобалар әзірге құжат түрінде қалып отыр, десек те барлығының өзгеріссіз қалатынына қандай кепіл бар? ТЭН авторлары, ешқандай өзгерістің болмайтынына сенімді, дегенмен сақтықпен айтылған мына сөздеріне назар аударайық:
«Өкінішке орай, қарастырылып отырған тау шаңғылы курортының және Қырғызстандағы өзге де тау шаңғылы курорттардың ары қарайғы дамуы туралы мәлімет ұсынылмаған, бұл қызмет көрсетіп жатқан тау шаңғылы курортын бағалауда бізді шектейді.» (126 бет)
Яғни, тоқырап бара жатқан ғаламдық нарыққа және Қазақстанның бәсекелестігінің төмендігіне айтарлықтай бәсекеге төтеп бере алатын көрші ел қосылады. Ал егер төмендеп бара жатқан жапон және қытай нарықтарын ескерсек, қытай шаңғышысы үшін күресетін болсақ, бәсекелестік деңгейі одан да арта түседі, оның үстіне қытайлықтар солтүстікке емес, оңтүстікке үлкен қошеметпен келуге әзір, көрсетілген елдер мәдениеті Қазақстанға қарағанда оларға жақынырақ.
Түйіндеменің соңғы тарауында байсалды шешім қалыптастырылған:
«Қазіргі кездегі туристік қызметтер түрлеріне сұраныс негізінен жергілікті халыққа, Қазақстанның өзге өңірлерінен келетін тұрғындарға бағдарланған, яғни көрсеткіші жоғары, ішкі рекреациялық ағымға бағытталған..» (99 бет)
Әрине, бәсекеге төтеп бере алмайтын қызмет түрімен еніп, жаңа тау шаңғылы курорт салуды жоспарласаңыз және өз еліңізде бағаны аса көтерсеңіз, онда оны ішкі аудиторияға бағдарлау қауіпсіз, яғни, қазақстандықтарға, оның ішінде табысы жоғары қазақстандықтарға, себебі табысы төмен отандастырымыздың оған баруға қалтасы көтермейді, немесе олар Қырғызстан курорттарында дем алатын болады, әриен бұл да екіталай. Мұндай түйіндемені ТЭН маркетингтік бөлімі негізінде жасауға болады. Мұндай жағдайда курорт салу қаншалықты дұрыс? Мүмкін кейінірек жауап ала алармыз.
4. Нақты мақсатты топ жоқ
Жобаланған тау шаңғы курортының келушілері кім болмақ? ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметіне сәйкес, 83,4% қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 70 000 тенгеден аспайды, және 83,24% қазақстандықтың бір айлық шығын көрсеткіші 60 000 тенгеден аспайды. ТЭН авторлары:
«…Алматы аймағынан табысы төмен шаңғышыларды Қырғызстан тарта береді, себебі Қазақстандағы тау шаңғы курорттары олармен баға жағынан бәсекеге түсе алмайды. Ендеше, «Көкжайлау» тау курортына табысы орташа және орташа табыстан сәл жоғарырақ шаңғышыларға бағдар алу қажет.
Онда курорт тұрғындардың көпшілігінің мүмкіндіктеріне сай келмейді ғой? ТЭН-да бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Курорттың мақсатты тобын нақтау ақпараты бар:
«Көкжайлаудың мақсатты аудиториясы – бұл:
• Каникул/жыл сайынғы дем алыс/мерекелер кезіндегі қонақтар, қонақ үйге өзге қаладан келіп қонатын немесе қаладан отбасымен дем алыс күндері келетіндер;
• Алматыдан күнделікті келушілер;
• Халықаралық туристік топтар мен жеке саяхатшылардың аз мерзімге бас сұғатын жері»
Бірақ, бұл қонақтардың 80%-ның мұндай дем алу түріне мүмкіндігі жоқ болса, онда жобаны елде спортты дамытуға бағытталған деуге бола ма? Одан да Көкжайлау үстіртін тиімді және қолжетімді экотуризмді дамытуға пайдаланған жақсы емес пе. ТЭН маркетингтік бөлімінде бұл сұрақтарға жауап жоқ.
Оның орнына, шаңғышылармен экскурсанттардың жергілікті тау шаңғылы курорттарға баруы туралы мәліметтер бар, яғни, тауға дем алуға шыққандар туралы ақпарат. Төменде ТЭН маркетингтік бөліміндегі мәліметтер негізіндегі жиынтық кесте ұсынылған. Одан Қазақстандағы тау шаңғысы спортынан гөрі қарапайым серуендеу және табиғаттағы өзге де дем алу түрлеріне қызығушылықтың жоғары екенін көруге болады. Тіпті қыс мезгілінде де курорттарға шаңғышыларға қарағанда экскурсанттар үш есе көп барады екен.
Алматы маңындағы тау шаңғылы курорттарға келудің жинақталған кестесі, ТЭН «Көкжайлау» ТШ, маркетингтік бөлім
Тағы да сұрақ туындайды, таудағы серуен, өзге де дем алу түрлеріне қызығушылық танытатын мақсатты топқа қызықты емес жобаға қаражат салу керек пе? Оның үстіне, осындай дем алыс түрлері болуы мүмкін жерге курорт салу жоспарланған. Курорттың инфрақұрылымы оларды да ескереді, бірақ, шығыны көп тау шаңғылы курорттан бас тартып, дем алудың осы түрлеріне ғана жіті көңіл бөлген дұрыс болмай ма? ТЭН-де бұл сұраққа жауап жоқ.
5.Сұраныс пен табыстың түсінікті есептеулері
ТЭН-де жоспарланған кіріс кестесі осылай көрсетілген (177б.):
Бұл кесте қаншалықты түсінікті және ондағы есептеулер қаншалықты нақтыланған? Мысалы, «мақсатты тұрғындар» деген нені білдіреді? Бұған қатысты түсініктеме ТЭН-де жоқ. Бұл санның қайдан алынғаны құпия болып қалады. 144,5 млн халқы бар Ресейде бұл көрсеткіш 10,4 млнға тең, ал 1,4 млрд халқы бар Қытайда – 11,2 млн? Мүмкін, мұнда қандай да бір логика бар шығар, бірақ біз оны таба алмадық. Сандар ішкі сезімге негізделіп, көз мөлшерімен алынған тәрізді.
Ары қарай жүрейік. Кестеде ұсынылған жан басына шаққандағы ІЖӨ 2017 жылғы, тірті 2016 жылғы мәліметке де сәйкес келмейді. Оған қоса, бұл көрсеткіштер ашық дереккөздерде бар, оны оп-оңай тексеруге болады. Оны тексере келе бұл мәліметтердегі бірқатар қателіктерді көреміз.
Ары қарай «Тұрғындар/шаңғы күндері сәйкестігі» көрсеткіші. ТЭН-де бұл көрсеткіштің маңыздылығына түсініктеме жоқ. Тек, «Тұрғындар/шаңғы күні сәйкестігі тау шаңғысы курорты нарығы әлеуетін есептеудегі маңызды көрсеткіш» деп айтылға (176 бет), бірақ көрсеткіштің мәні ашып айтылмаған.
Бұны, елдегі тау шаңғы курорттарына әрбір тұрғынның қанша рет баратынын көрсететін көрсеткіш деп болжауға болады. Онда «Шаңғы күндері/тұрғындар сәйкестігі» деп атаған жөн болар еді. Шындығында, IRSMT-2018 есебінде «шаңғы күндері /тұрғындар сәйкестігі» деп аударуға болатын «skier visits per inhabitant» көрсеткіші жоқ. Бұның нақты көрсеткіш екенін растайтын сенім жоқ, бірақ оған ұқсайтын ештеңе таппадық. Сондықтан ол солай болуы ықтимал. Көрсеткіштің кестеде пайыздық деңгейде көрсетілгені түсініксіз. Түсініктемеде ол пайыз емес, коэфицент ретінде көрсетілген:
«Церматта (тау туризмі индустриясының жетекші кәсіпкерлерінің қатысуымен), өткен симпозиумда жарияланған мәліметтер, және нарық туралы өзге есептеулерден, Скандинавия, Солтүстік Америка және таулы елдердің тұрғындар /шаңғы күні сәйкестігі 0,5 немесе одан да жоғары екенін, шаңғы нарығында жетекші елдер болып табылатынын байқаймыз. Бұл мәліметтерге сәйкес, Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштері 0,1 – 0,2 құрайды. Фактіге сүйенсек, жан басына шаққандағы ІЖӨ осы сәйкестікке ықпал ететін негізгі параметр болып табылады, Орталық Азия елдеріндегі орташа көрсеткіш 0,1 құрайды және бұл көрсеткіш төмендеуі және жан басына шаққандағы ІЖӨ қатысты жоғарылауы мүмкін деп болжаймыз»
«%» белгісі сан алдындағы үтірді білдіруі мүмкін, яғни, кестедегі 3% «0,3» деп оқу керек, бірақ, бұл жерде де сенім жоқ. Егер осылай болған жағдайда Орталық Азия елдерінде, түсініктемеге сәйкес ол 0,1 (или 1%) құрауы тиіс, ол 1% дан 3%-ға дейін өзгеріп оттырады? Кесте көрсеткіштерін IRSMT-2018 салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықты байқауға болады:
Түрлі дереккөздер көрсеткіштерін ескерсек, мұндай әрине болуы мүмкін. Бірақ, мұндай жағдайда үлкен және шағын көрсеткіштерге сүйеніп, табыстың оптимистік немесе пессимистік болжамдары жасалады. ТЭН-да бұл жасалмаған. Пессимистік болжам авторды қызықтырмаған болу керек.
Келесі көрсеткіш «нарық үлесі–нақты нарық,%» түсіндірілген (әр қарастырған нарықтың жалпы көлемінен жобаның болашақта әкелетін үлесі), Онан кейін «Шаңғы күндері» тағы да сұрақ туындатады. Бұл есептеу «Мақсатты тұрғындарды» «тұрғындар/шаңғы күндері сәйкестігіне%» көбейткен кезде шығатын және одан кейінгі бағанда көрсетілген «нарық үлесі–нақты нарық,%» пайыздық сомадан алынған нәтиже көрсеткіші. Бірақ, тексеру есептеулерінде кей жерлерде сәйкестік жоқ. Былай айтқанда, «сандар соғыспайды».
Бұның немен байланысты екеніне жауап беру қиын. Мүмкін есептеулерде қате кеткен болар, мүмкін жауап ретінде сандар әдейілеп көрсетілуі мүмкін. Кез келген жағдайда халықаралық жобаның ТЭН–де сандарға деген мұндай көзқарас дұрыс емес. «Ауадан» алынып, енгізілген сандарды осылайша қабылдайтын болсақ, және тексерілген дереккөздерден алынған мәліметтерді орнына қойсақ (жан басына шаққанда ІЖӨ және оған қарағанда песммимистік Skier visits per inhabitant), онда нәтиже алты есе айрықшаланатын болады.
Осылайша, ТЭН-нен болуы мүмкін табыс әлеуетінің түсінікті есептеулерін көре алмадық.
Түйіндеме
«Көкжайлау» тау курорты құрылысы ТЭН маркетингтік бөлімі жобаның шынайы болашағы туралы нақты түсінік бермейді. Маркетингтік ахуалдың толыққанды сипаттамалмағандығы, кейде бұрмаланған ақпараттардан жобаның табыстылығына сену қиын. Табыс есептеулері шығын көрсеткіштеріне байланысты сұрақтар туындатады және есептеулерде қателер жіберілген.
Осылайша бұл құжат маркетингтік есептеулердің қарапайым талаптарына сәйкес келмейді, халықаралық деңгейдегі жобаны әзірлеуде оны басшылыққа алуға болмайды, оған қоса бұл жоба қоғамда резонанс тудырып, Алматы маңы экологиясына қауіп әкеледі.
ИМК Alexander&Partners Агенттігі директоры Александр Колмаков