Елена Ерзакович

Тәуелсіз сарапшы, Алматы қаласының тұрғыны

Көліктердің қол жетімділігі және автокөліктер түтіні шығарылымдары бойынша қорытынды тұжырым

Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалауға сәйкес, жоба авторлары шипажайға келушілер мен жүктерді тасымалдаудың екі нұсқасын ұсынады: гондолды жол (шамамен 5 шқ) және 17,9 гектарға орналасатын ұзындығы 3-6 шақырым техникалық автожол – жолдың жүретін бөлігі – 4,5 метр, 5243 дана ағаш кесу қарастырылған (дегенмен жол қазіргі көлемде ұсынылып отырса, мұншама ағашты кесу қажет болмас)

Толығымен өлшем жүргізусіз және математикалық модельдеусіз атмосфераға таралатын зиянды қалдықтардың әсерін бағалау мүмкін емес екенін авторлар мойындайды. Бірақ жаңадан өлшем жүргізу немесе модельдеу жаңа құжатта көрсетілмеген, тіпті жүргізілмеген. Құрылыс кезінде және пайдалану барысында түрлі шамада және халықтың денсаулығына зияны болуы мүмкіндігін сараптауынсыз аналогы  (қандай нысандар пайдаланылғаны көрсетілмеген) бойынша  зиянды қалдықтардың жиынтығы көрсетіледі. Бұл ауданда шуыл деңгейі бойынша мәлімет жоқ. Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалауда  тек болуы мүмкін зиянды қалдықтар және техникалық жолдарға әсері қарастырылған, бірақ, Медеу жағынан арқанжолға келетін кіреберіс жол ескерілмеген. Бұл қосымша кіреберіс жол  Достық даңғылында тұратын тұрғындарға  жаңадан кептеліс туындатары сөзсіз. Оған қоса адам тасымалдайтын көліктерден қосымша зиянды қалдықтар таралады. Парниктік газдар (арқан жолды есептегенде) бойынша мәліметтер жоқ.

Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалауда техникалық жолмен мейрамханаларға, қызметкерлерді (гидтерді есептемегенде 200-ден астам адам немесе өзге де маусымдық қызметкерлерді) немесе шипажайдағы техникаларға жанар-жағар май тасымалдағанда, тіпті бірнеше жыл бойы шипажай нысандары құрылысына қажетті құрылыс материалдарын жеткізуде  көліктерден келетін зиянды қалдықтар егжей-тегжейлі ескерілмеген. Сонымен қатар, осы жолды, әсіресе қыс мезгілінде тазалауға кететін шығын көлемі ескерілмегені түсініксіз. 

Тұрғындарды көлікпен тасымалдаудың қолжетімділігі бойынша техникалық эксплуатациялық қызмет материалдары ұсынылмаған, сондықтан бұл материалдарды сараламай тұрып қаланың көліктік инфрақұрылымына шипажайдың қаншалықты ықпал ететінін және Медеудегі гондол жолы бекеті тарапынан келушілерді жеткізуді ұйымдастыруда қаншалықты тиімді екенін айту қиын.

Достық – Горная көшесі актокөлік дәлізінің қазіргі жүктелу деңгейі жол желісінің ағымдағы параметрлеріне сәйкес емес, яғни жазғы мезгілде (таулы-шаңғы шипажай мен мұз айдын жұмысын есептемегенде) Медеу жаққа 25 мыңнан астам автокөлік келеді. Қыс мезгілінде өлшемдер жүргізілмеген!!!, бірақ, туристердің талап-тілектерін ескерсек, Шымбұлақ пен Медеуге келушілер қатары артық болары сөзсіз. Ал, бұл бағытта көліктердің қозғалыс жылдамдығы төмен, яғни, олардан келетін  зиянды қалдықтар деңгейі жоғары болмақ. Жоба авторлары, шипажайға қосымша 5 мың келуші қосылады, яғни бұл бағытта ағымдағы көлік қызметін ескергенде қосымша 3,4 мың автокөлік өткізу қажет болады немесе күндізгі уақытта туристерді тасымалдау үшін екі секциялы автобуспен қосымша 40-50 рейс ұйымдастыру қажет дейді.

Бұл қозғалыс  құралдарын сатып алу шығындары, жүргізушілер жалдау немесе осы  тасымалдау құралдарынан таралатын қосымша зиянды қалдықтар деңгейін жоба авторлары зерттемелерінде ескерді ме, түсініксіз. Сонымен қатар Медеудегі гондол бекеті айналасына көлік қоятын қосымша орын құрылысы, сондай-ақ, дем алыс күндері қазіргі көлік қоятын орындар толы болатынын ескерсек,  жолаушыларды отырғызатын, көліктен түсіретін орын қажет. Ұсылған құжаттарда ауыр  жүктері бар туристер шипажай қонақүйлеріне қалай (гондол жолы арқылы, әлде техникалық жолмен) көтерілетіні түсініксіз.

Бұл «мультипликативті қосымша шығындар» жобаның қай бөлімінде ескерілгені түсініксіз, жалпы ескерілген бе? Медеу ауданы тұрғындарының  Достық даңғылы бойында «жаңа кептелістерде тұру» шығыны қай бөлімде қарастырылған?

Дулат даңғылындағы жол құрылысына қосымша инвестиция ескерілде ме, кез-келген жағдайда жолдың тіпті техникалық түрімен Көкжайлау бағытына қалалықтарды күнделікті тасымалдаудың тәуекелдері бар және шипажайға қарай бұл техникалық жолмен жүруде өткізу тәртібі қалай ұйымдастырылмақ?

Тек гондолды жолды немесе техникалық жолды (кеңдігі 4,5 м) пайдалану болашақта шипажайда халықаралық спорттық сайыстарды өткізуге мүмкіндік бермейді, ендеше бұл бағыттан келетін кіріс те шектеулі.

Ұсынылған бағасына шипажайдың экологиялық концепті және  екі жолақты жаңа жол құрылысы кірмейді. Бір жобада концепция авторлары бұл жобаны экономикалық тиімді және экологиялық бейтарап ретінде көрсетіп, өздерін, сонымен қатар қоғамды да алдап отыр.

Техникалық эксплуатациялық қызмет көрсету бойынша таныстырылымда Туризм Басқармасы және оның мердігері тарапынан шипажайдың сипаты, жобалық қуаттылығы, қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамға орынсыз  мәлімет ұсынылды:

1) туристердің саны бойынша 7000 адам, Қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау бойынша  ( таныстырылым кестесінде күніне 5000 адамның орнына).

2) кесілуі тиіс ағаштар саны: ~ 1000 дана, яғни, жолды салу үшін кесілуі тиіс 5200-ден астам ағашты есептемегенде.

Тыңдалым барысында жоба экологы, шипажайды электр қуатымен қамтамасыз етуде, салынған электр бекеті туралы ештеңе айтқан жоқ және электр қуатымен қамту көзі ретінде белгісіз трансформаторлық күркенің және күн сәулелі батарея фотосуретін ұсынды.  Бұл аудиторияны екі ойлы жағдайда қалдырды және шипажайдың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін бағалауына кері ықпал етуі мүмкін. 

Нәтижесінде, аудитория, көбіне кино -телеқауым және туристік қауымдастық тарапынан айтылған пікірлер шипажай концепциясын дұрыс түсінбегендіктен, қоғамдық тыңдалым тақырыбынан ауытқып, яғни оның құрылысының маңыздылығын бағалауға қатысты болды. 

Сонымен қатар тыңдалым барысында басқарма жетекшісі және мердігер ұйым жетекшісі қабылданған регламенттен ауытқып, рәсімдеу бойынша дауыс беруге қатысты.

Бұл фактілерге сүйене отырып, қоғамдық тыңдалымның өткізу ережелері қатаң бұзылды деп есептеймін.

Құрметпен,

Елена Ерзакович

Тәуелсіз сарапшы, Алматы қаласының тұрғыны