1-3 кітаптың 1 томын қарап шыққан соң төмендегіні хабарлаймын.

Техникалық эксплуатациялық қызмет көрсету қолдағы мұрағат материалдардан жинақталған.

Су ресурстары тарауы мүлдем жоқ. Іле-Алатау тауында су жүйесі жақсы дамыған.

1,2 кітаптың 1-ші томында жалпы “су” деген сөз жоқ.

3-ші томда суға байланысты бірнеше тарау бар екен:

–  6 тарау. 6.1.2 бабы. «Үстіңгі сулар сапасы» – су нысандары атауларының шағын тізімі көрсетілген. Судың сынамасы алынғаны бір сөйлеммен жеткізілген. Бұл жерде сынаманың қандай ұйымның алғаны және зертханалық зерттеулердің жүргізілгені, оның түрлері нақты жазылуы тиіс еді. Сонымен қатар сынаманың әр жыл мезгілінде алынғаны немесе бір рет алынғаны және т.с.с. заттар көрсетілмеген.

– глава 7:

  7.1. бабы.  КСРО кезеңіндегі (1973) картографиялық материалдар ұсынылған, бұл қабылдауға келмейтін нәрсе – себебі бүгінгі таңда көп өзгергерістер бар. Егер ескі картаны пайдаланатын болсақ, онда заманауи  үрдістерге негізделген геологиялық және гидрологилық видеоматериалдар ұсынулары тиіс болатын. Сараптауды негізге ала отырып қазіргі уақытпен салыстырмалы зерттемелер жасау;

–  7.2. бабы. зерттеме аймағында (33 суретті қара) 2013 жылы «Казэнергоналадка» ЖШС атқарған «Инженерлік-геологиялық ізденістер аясында төрт инженерлік-геологиялық элементке (ИГЭ) баса назар аударылған.

Климаттық элементер бойынша мәлімет СП РК 2.04- 01- 2017-ге сәйкес келеді:

Аумақ  III климаттық аймақта орналасқан

Суық айдың орташа температурасы  – 6,5°С

Жылы айдың – 29,7°С.»

Непонятно – Біріншіден, инженерлік-геологиялық зерттеулер мен климат-температураның қатысы қанша екені – түсініксіз. Екіншіден,  мұндай жұмыстарды Казэнергоналадка емес, арнайы ұйымдар жүргізуі тиіс.

9 тарау. Гидрогеологиялық зерттеулер

Бұл тарауда өзендердің қалыптасуы мен су жинайтын алаңдар туралы шағын ақпарат ұсынылған.

Гидрогеология атымен жоқ. Тарау мазмұнына мүлдем сәйкес келмейді.

Жоба авторлары  гидрология мен гидрогеологияның айырмашылығын түсінбейтін болуы керек.

 Ұсыныс:

Су ресурстары тарауын жетілдіру қажет

  1. Гидрологияны.

Жыл бойғы су көлемінің деңгейіне байланысты (көп сулы, орташа сулы, аз сулы жылдар)  су шығындары көрсетілген, кем дегенде 10 жылға болжаммен барлық су нысандарын нақты көрсету. Яғни, жалпылама гидрология.

  1. Гидрогеологияны. Жер асты суларының орналасуы, қайнар бұлақтардың шығуы мүмкін жерлер және т.с.с.
  2. Су қорғау аймағы және белдеу орнату – барлық су нысандарында (өзендер, бұлақтар, жылғалар және т.с.с.)
  3. Су жинау тоғандары – шипажайдың қандай бұлақтардан сумен қамтамасыз етілетінін, су алу көлемі және пайдаланудан бастап су шаруашылығы теңгеріміне дейін нақтау.
  4. Тарауды белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен (ДООС, БАБВИ және т.с.с.) келісіп қайта қарастыру.

 

Шипажайға берілген аумақтағы су нысандарына байыппен қарамайынша су нысандарының тәртібі бұзылады, бұл күтпеген төтенше жағдайларға әкеліп соқтырады, сонымен қатар бұлақтардағы су деңгейінің азаюына кері әсерін тигізеді. Барлық шағын өзендердің ірі өзендерге құятынын есте сақтау қажет.

Сонымен қатар, Алматы қаласына ауыз су екі Алматинка өзенінен алынатынын хабарлаймын, олардың сағасына кез-келген қол сұғу  немесе килігу, су беру тәртібіне өзгеріс енгізіп, жағымсыз запдаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

 

Су ресурстары бойыша

тәуелсіз сарапшы                                           А.И.Тлеулесова