Жақында Алматыдағы “Көк Жайлау” шатқалында арнайы шипажайдың салынатындығы хабарланған болатын. Концепцияны дамытуға
350 миллион теңге бөлініп, құрылыс үшін 700 миллион теңге
жұмсалғалы отырғандығы белгілі болған еді. Ванкуверде өткен Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Елена Хрусталева бұл жобаның олқылықтарын атап көрсетіп, құрылыстың басталуына қарсы екендігін айтты.
Оның айтуынша, бұл шатқалдың баурайы шамадан тыс жатық және трасса тым қысқа. Халықаралық жарыстарды былай қойған күннің өзінде, жасөспірімдер арасында да ешқандай сайыстың өтуіне мүмкіндік жоқ деп өз алаңдаушылығын білдіріп отыр.
Оның үстіне қар жыл бойына тек 2-3 ай ғана жатады екен. Жастарды осы спорт түріне баулуды мақсат қылып қояр болсақ, бұл іске ерекше жауапкершілікпен қараған жөн дейді. Онымен қоса, қазіргі жұмыс істеп тұрған тау шаңғысы шипажайларының жұмысына көңілі толмайтындығын айтты. Олимпиада жүлдегерінің айтуы бойынша, біріншіден, бағалары тым қымбат, екіншіден, қарапайым жүргіншілер немесе велосипедшілер үшін жағдай жасалмаған. Мысалға Еуропалық шипажайларды келтіре отырып, “Кез келген өзін-өзі сыйлайтын мемлекеттің барлық нәрсені жан-жақты ойластырып жасағаны жөн,” – деді Елена Хрусталева.