Курорттың хронологиясы, статистикасы және оған қатысты пікірлер

Көк Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жобасы 2002 жылы басталды. 2002 жылы Bonita Group компаниясы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Заилийский Алатау» атты курорт жобасын ұсынған болатын, алайда инвестор табылмағандықтан, жоба жұмысы тоқтатылды.

2011 жылы ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Алматы қаласының әкімшілігі Ахметжан Есімов басшылығымен Көк Жайлау аумағында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы кешенін салу жөнінде шешім қабылдады. Кешен құрылысына қала бюджетінен қаржы бөлінді. Алматылықтар құрылысқа қатысты өз наразылықтарын білдірген болатын, олардың айтуынша, жоба қоршаған ортаға зарарын береді және жер жеке меншікке айналады.

Курорт құрылысы 16 жыл бойы көпшілік қарсылығынан немесе қаражат жеткіліксіздігінен тоқтатылып тұрды, билік бірнеше рет заңға түзетулер енгізді. Бұл түзетулер құрылысшыларды ерекше қорғалатын аймақтардың жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру құқығымен қамтамасыз етті. 2017 жылы кешен құрылысы қайтадан басталды, 2018 жылы «Сохраним Көк-Жайлау» бастамашыл тобы «Көк Жайлауды сақтап қалуды талап етеміз» петициясын жазған болатын. The Village Қазақстан сіздердің назарыңызға курорт құрылысының хронологиясы мен инфографикасын ұсынады. Біз қоғам қайраткерлерінің аталмыш мәселеге қатысты пікірін білдік, шатқал бұрынғыдай ұлттық парк болып қалады ма, әлде билік қалағандай халықаралық курортқа айналады ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

 

Көк-Жайлау дегеніміз не?

КӨК-ЖАЙЛАУ  Алматыдан 10 километр қашықтықта орналасқан Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағындағы шатқал. Орналасқан жерінің қолжетімділігіне байланысты шатқал алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды.  Жалпы жер көлемі 42 мың гектар шатқалда Қазақстан Қызыл кітабына енген өсімдіктер өседі және жануарлар мекендейді: Іле-Алатауы ұлттық саябағын мекен ететін Қазақстан Қызыл кітапқа енген жануарлар: қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, сабаншы, ортаазиялық кәмшаттар, түркістан сілеусіні, үнді жайрасы, құстар – қара дегелек, лашын, құмай, имектұмсық;

Іле-Алатауы ұлттық саябағында өсетін Қазақстан Қызыл кітапқа енген өсімдіктер: Сиверс алмасы, Шренк шыршасы, Островский и Зинаида қызғалдақтарының буданды популяциялары, Алатау бәйшешегі.

Көк-Жайлауға не болды?

Bonita Group компаниясы «Заилийский Алатау» курортының жобасын Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды. Жоба бойынша курорт аймағына Бутакова елді мекені, Қатырбұлақ өзен аңғары, Ақ-қайын шоқысы мен Көк-Жайлау шатқалы кіру керек еді. КУРОРТ 500 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА БАҒАЛАНДЫ, АЛАЙДА ИНВЕСТОР ТАБЫЛМАҒАНДЫҚТАН, ЖОБА ТОҚТАТЫЛДЫ.

Сонымен қатар, кешен құрылысы 1997 жылы қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» Заңды бұзар еді. Тиісінше,

— «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар мүддесіне жатпайтын құрылыс жүргізуге»

— «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қорғалатын ландшафттардың табиғи бейнесiнiң өзгеруiне немесе экологиялық жүйелер тұрлаулылығының бұзылуына әкеп соғатын жұмыстарға» тыйым салынған еді.  Жоба тағы да тоқтатылды.

Нұрсұлтан Назарбаев “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” жаңа Заңға қол қойды. Бұл заң бойынша билік ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа категориялы жерлерге ауыстыру құқығына ие болды.

 

Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов № 106-р  «О создании рабочей группы для выработки предложений по строительству курортно-горнолыжной базы «Кок-жайляу» бұйырығы мен № 4/692 «Об отдельных вопросах организации строительства автомобильной дороги к горно-туристическому комплексу “Кок-Жайляу”» қаулысын шығарды.

Көк-Жайлау шатқалына апаратын жол салына бастады. Алайда «Зеленое спасение» экологиялық ұйымы Алматы әкімдігінен құрылысқа қатысты толық ақпарат беруін талап ете отырып, сотқа шағымданды. Нәтижесінде аталмыш жолдың керекті сараптамасыз және рұқсатсыз салынып жатырғандығы анықталды. Соңында қала әкімшілігі жол салуды тоқтатты.

ҚР президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Тиісінше, билік тек кейбір (ерекше) жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін басқа санаттағы (категориялы)  жерлерге ауыстыра алатын еді. Жаңа заң ЕҚТА жерлердін заңға қайшы қолданылуына жол ашты. Сонымен қатар, заңнамада жерді пайдаланушалар туралы нақты бір тәртіп жоқ еді. «Зеленое спасение» экологиялық ұйымы бұл түзетулерге де қарсы шыққан болатын, бірақ бұл жолы ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫ ҚОҒАМ ПІКІРІН ЕСКЕРМЕДІ.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Туризм және спорт министрлігіне елде тау шаңғысы курорттарын салу жөнінде тапсырма берді. Алматы әкімдігі Көк-Жайлау шатқалын курорт салуға лайықты деп тауып, «Көк-Жайлау» ЖШС мен Алматы туризм басқармасын құрды.

«Защитим Кок-Жайляу» атты кампания басталды. Бұл қозғалысқа тек қана қазақстандық қоғам қайраткерлері мен сарапшылары ғана емес,  сонымен қатар, шетелдік сарапшылар да ат салыса бастады. 2012 жылдың сәуірінде Табиғатты сақтау неміс ұйымының приезиденті Михаель Зукков және вице-президенті Томас Теннхардт Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық саябақ аумағында курорт салудан бас тартуын өтінді, бірақ  хаттарына жауап ала алмады. 2011-2014 жылдар аралығында белсенділер өз кампанияларын TEDxAlmatySocialCamp Astana-2013«Сохранение биоразнообразия в трансграничном регионе Северного Тянь-Шаня» пресс-конференцияларында  жалғастырды. Бұнымен шектеліп қана қоймай, альпинисттік өрмелеу, фото байқаулар, фото көрмелер, сурет салу мен эссе жазу сайыстарын ұйымдастырды.

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік экологиялық сараптамасы жоба жоспарын мақұлдады, электрлік қосалқы станциясы салына бастады.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Іле-Алатау ұлттық саябағының 1002 гектар жерін курорт салынатын жерге айналдыру туралы бұйрық шығарды.

КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЛА БЮДЖЕТІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТОҚТАТЫЛДЫ. 2015 жылының соңына дейін Алматы әкімдігі жобаға сегіз миллиард тенге жұмсаған.

Алматы қала құрылысы кеңесі Бауыржан Байбек басшылығымен тау және тау етегі аумағындағы барлық құрылыс түрлеріне тиым салу туралы шешім қабылдады.

Қала әкімдігі шатқалдағы құрылыс жұмыстарын қайтадан бастады: электрлік қосалқы станцияның құрылысы жалғаса бастады, канализация коллекторын салу жұмысы қолға алынды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек екі жылдың ішінде  әкімдік жобаны жетілдіргендігін жеткізді: құрылыс алаңы тоғыз есе, ал шаңғы тебу жолының ұзындығы екі есе қысқартылды.

«Сохраним Кок-Жайляу» бастамшыл тобы «Көк-Жайлауды сақтап қалуды талап етеміз» атты петиция жазды және оған 28 960 адам қол қойды.

Қоғамдық талқылау болып өтті. Тыңдауда Almaty Mountain Resorts басшысы Наиль Нуров курорт кез келген жағдайда салынатынын, Көк-Жайлау шатқалының әлдеқашан игеріле бастағанын айтты. Бұл Наиль Нуровтың мәлімдесі Бауыржан Байбектің мәлімдемесіне қарама-қайшы келіп отыр, себебі әкім қоғам қарсы болған жағдайда құрылыс тоқтатылатын жеткізген болатын. Әкімнің өзі талқылаудың біреуіне де қатысқан жоқ.

Тыңдауда ресейлік ғалым Александр Хорошев Көк-Жайлаудағы жасанды өзен мен курорт 9 баллдық сейсмикалық белсенді тектоникалық жарық аумағында орналасатынын және бұл құрылыстың салдары қала мен оның тұрғындарына қауіп төндіру мүмкін екендігін жеткізді.  Алайда Наиль Нуров жасанды өзеннің Алматыға ешқандай зардабы болмайды деп сендірді, сонымен қатар, ол құрылыс салынатын жердің тектоникалық жарықта орналасқандығына күмән келтірді.

Көк-Жайлау туралы не айтылып жатыр?

«2013 жылы Есік көлінің сел тасқынынан жойылып кеткеніне 50 жыл болды.  Әлі күнге дейін зардап шеккендер саны белгісіз. Бірақ көбісі туристер болатын, себебі 1958 жылы Қазақ ССР министрлер кеңесінің «Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы» қаулысынан кейін өзен жағасында  демалыс инфрақұрылымы дамыған болатын. Сонымен қатар, жол, автовокзал, қонақ үй, мейрамхана мен т.б пайда болды, алайда осының барлығын тасқын жойып жіберді. 50 жылдан астам уақыт өткеннен кейін тағы да мореналық көлдердің Алматыға төндіретін қаупі жайлы дабыл қағылып жатыр. Осының барлығы мынаны меңзейді: “Адамдар тауда қалай демалады?” деп ойламастан бұрын сол адамдардың тұратын қаланың барлық ақша курортқа кеткендіктен, ал мегаполистің сейсмобақылау немесе сел тасқыны мониторингіне қалдық ақша  бөлінгендіктен үйіндіге алмауы үшін барлық жағдай жасалуы керек».

«Мен Алматыда туылдым, үйлендім, балам дүниеге келді, отбасыммен осы қалада тұрамын және  оның дамуы мен үшін маңызды. Сондықтан да “Көк-Жайлау” курорты үшін дауыс беремін. Курорт салынса, туристтер келе бастайды, адамдарда жұмыс пайда болады. Қазір барлығы демалатын жер ретінде Шымбұлақты көрсетеді. Бірақ ол жер енді бос емес, бізге жаңа демалатын орын керек».

«Көк-Жайлау мен үшін қағида мәселесі. Осы қала тұрғыны ретінде менің пікіріммен ешкім санасқан жоқ. ӨЗДЕРІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, ӨЗДЕРІ САЛДЫ.

Әр әскер белігілі бір жер жаулап алған кезде, алдымен, сол жердің қасиетті жерлерін жоя бастайды, ал Көк-Жайлау – қасиетті жер, Қазақстанның болмаса, Алматының киелі жері».

«Тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту, ал «Көк-Жайлау» курортының салу  қажет. Курорт мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасына енді, біз қазір курорт құрылысымен айналысып жатырмыз және ОНЫ САЛЫП БІТІРЕТІНДІГІМІЗГЕ ЕШ КҮМӘН ЖОҚ. Шымбұлаққа барыңыз, ол жерде біреу экологияға зиян келтіріп жатыр ма? Демалушы қалай Шымбұлақ экологиясына зарар келтіреді? Кейбір адамдар осы мәселені саяси мәселеге айналдырмақшы. Кейбіреуі шетелден қаржы алып отыр. Бұның ешқайысына жол жоқ».

«Петицияда көрсеткен себептерден басқа біздің салағымыздан түскен 85 миллиард тенгенің барлығы жаңа балалар мен ересектер арналған жұқпалы аурулар ауруханаларын салу, балалар нейрохиругия саласы, сауықтыру саласы, соның ішінде ерте араласу сауықтыру орталықтары, ғылыми зерттеу орталықтары, орфанды аурулармен ауыратын балаларға арналған емханалар, мамандар дайындау саласының дамуы мен басқа да емдеу орталықтарының жабдықталуы секілді Алматының әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешілуіне жұмсалғанын қалаймыз. Ал ҚР денсаулық сақтау министрі айтқандай, ауруханалар мен емханалардағы жабдықтардың 50 %-ынан астамы ескірген. Дәрігерлерімізді жұмыс жасауға қолайлы ортамен қамтамасыз етуіміз шарт. Сонымен қатар, қаланың медициналық туризімін курорттардан да көп кіріс әкелетін салаға айналдыруға болады және ондай жобалардың үлгілерін білемін.

Сондай-ақ, бұл қаражатты мектептер құрылысына, балалар мен жастардың еркін айналыса алатын спорт және мәдениет нысандарына, олардың дамуына жұмсауға болады. Мемлекеттің ең басты жұмысы мен міндеті –  сапалы адам капиталын өндіру. Бұл адам капиталы – ,егер керек санасақ, болашақ курорттарға, болашақ инвестицияларға құйылатын капитал. Бұл ақшаны қаланы қауіпсіз қалаға айналдыруға, қылмыстың алдын алу мен онымен күреске жұмсауға болады.

Бұл курорт қоғамның тарапынан келген қысым мен лобби, күмәнді қоғамдық талқылаулардан кейін, қоғамға жобаға қатысты құжаттар, сметалар, техникалық-экономикалық негіздеулермен бөліспегендіктен кейін халық сенімін жоғалтты және қала әкімдігі өз беделіне нұқсан келтірді.

БҰЛ КУРОРТ ӨЗІН АҚТАМАЙДЫ, ОҒАН ЖҰМСАЛҒАН АҚША ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙДІ!

Және де қазір осындай ойланбай ақша жұмсайтын уақыт емес, себебі қазір елде дағдарыс, отандық банктерге көмек ретінде бюджеттен қаржы бөлініп жатыр».

«ФЛОРА ЖӘНЕ ФАУНА ЗИЯН ШЕГЕДІ ДЕГЕН МӘЛІМДЕМЕЛЕР АРГУМЕНТ ЕМЕС. Егер де осы логикаға сүйенетін болсақ, онда барлық курорттарды жауып тастау керек. Тек қана Қазақстан мен Алматыда емес, барлық әлемде жауып тастау керек. Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Сочи, Еуропада – барлық жерде. Табиғатқа тиіспеу позициясы дұрыс емес. Егер де 60-70 жылдары осы позицияны ұстанғанда, қазір “Медеу” де, “Шымбұлақ” та болмас еді. Біз балаларымыздың қорқор немесе шылым шегуін емес, спортпен айналысқанын қалаймыз ма? Онда оларға спорт орталықтарын сыйлайық”.

“Мен жобаның қалай өзгергенін білемін, бірақ оған деген бір үлкен сенімсіздік бар. Жобаға неге халық сенетін адамдар тартпасқа? Бұл байлардың мекені емес, тау шаңғысы кешені болатын жер».

«Кеше Көк-Жайлау жобасына қатысты қоғамдық талқылау өтті. Барлығы бұл жиналыстың көзбояушы, екіжүзді режиссерлар, блогерлер, актрисалар қойылымы екендігін біледі. Бұлар тіпті Көк-Жайлауда болып көрмеген адамдар, бірақ курорттың салуына дауыс берді.

Сәулетшілер мен ғалымдар ол жерде еш нәрсе салуға болмайтындағын бар дауыстарымен жеткізді! Сейсмиқалық қауіпті аймақ! Тектоникалық жарық!

ОЛАР КУРОРТ ЕМЕС, ЗИРАТ САЛҒАЛЫ ЖАТЫР. ЕГЕР ДЕ БІРДЕҢЕ БОЛСА, 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАЗА ТАБАДЫ. 300 мың! Олар адамдар! Кім ертең жауапты болады?

Екіншіден, 200 миллион долларды жұмсайтын басқа жер жоқ па? Туризм, жұмыс орындары көбейеді деген әңгімелеріңізді доғарыңыздар! Достар, ЭКСПО-ны еске түсіріңіздер. Бір нәрсе өзгерді ме?

Алматы лас ауадан тұншығып жатыр, бізге қазір әр ағаш маңызды. 20 гектар ағаштарды шабып тастау – қылмыс, геноцид, бұл – адамның өмір сүру құқығын бұзу.

“Курорт салынсын” дегендердің бір орынды аргументі жоқ. Бір де бір. Жоқ. Сондықтан да жоба ақылға қонымсыз. Көк-Жайлау өз табиғи көрінісімен керемет, бастысы, ол барлығына қолжетімді! Ол тегін! Көк-Жайлауда демалғандай, елдің басқа жерінде демала алмайсыз. Сарапшылар, адамдар ол жерде курорт салу мүмкін еместігін айтып жатыр. Ол жерде еңістер биік емес! Бізге мұндай курорт қажет емес!

Сіздер не болып жатқанын түсінесіздер ме? Ертең олар 204584 миллион доллар тұратын сандырақ ойлап табады, барлығы мал сияқты үндемей, ұрлық пен заңсыздықты тамашалайтын боламыз. Олар барлығын иемденіп алды, енді табиғатға қол сұға бастады. Құдай берген, бізге тиеслі табиғат! Ол ортақ нәрсе! Ол біздікі! Ол біреудің жеке меншігі болмау керек!! Ол ұлттық саябақ!

Бұл басынушылық, заңсыздық және адамзатқа қарсы жасалған қылмыс. Осының барлығы тауда бір рет те болып көрмеген жағымпаздар мен алаяқтардың циркі!!! Ал олар “Курорт салынсын! Курорт үшін дауыс береміз!” деп тұрып алды. Ақымақтар!!! Бұл расында да ұлттық трагедия!»

Ал мен “құрылыс салынсын” деп дауыс беремін. Бұл тек менің пікірім. Менің осы ажиотажға байланысты бірер сөзім бар. Жоқ, достар. Мәселе Көк-Жайлауда емес. Құстар мен қар барыстарында емес. Ағаштар мен бір тал шөпте емес. Ақпаратты бұрмалаудың қажеті жоқ. Мәселе осы белсенділердің шуының кесірінен екі тараптың дауыстарының естілмегендігінде. Олар ескерусіз қалды. Бір айғай бар, алайда ешкім бір-бірін тыңдамайды. Айтылатын әңгіме айтылып болды. Қазір біреу бір нәрсе жасағысы келсе, тырысса, қиналса, міндетті түрде біреу шығып, “Оның не істеп жатырғананына қараңыздар!” деп айғайлайды».
 
 
«Мен қазір құрылысқа қатысты бір ортақ позиция жоқ екендігін білемін. Сіздер жеңілтексіздер, істің мән-жайына бармайсыздар. Осы мәселеде  менің сөзіме сеніңіздер: бізге бұл курорт қажет емес. БҰНЫҢ БӘРІ БІЗДІҢ АҚШАМЫЗДЫ ҚАЛТАЛАРЫНА САЛЫП АЛУ ҮШІН ОЙЛАП ТАБЫЛҒАН».
 

Көк-Жайлауға қазір не болып жатыр?

Қараша айының басында Бауыржан Байбек Петропавлда өткен аймақаралық форумда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинге курорт жобасын таныстырды. Әкімнің айтуынша, шақталдағы құрылыс өз жалғасын таппақшы. Алматылықтар курорт жобасына қарсы шығып, заңды күші жоқ петица жазуды жалғастырып жатыр. «Сохраним Кок–Жайляу»  бастамшыл тобы құрылыстың толықтай тоқтатылуын талап етіп отыр.

«Біз Көк-Жайлаудағы салынатын кез келген курорт  биліктің алдын-ала ойланбай қабылдаған қауіпті шешімі екендігіне сенімдіміз.  Құқық жағынан да, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағынан да қате шешім. Біз құрылыстың тоқтатылуын талап етіп келдік, талап етіп жатырмыз да, талап ететін де боламыз» деп белсенділер уәде берді.