«Көкжайлау» таулы шипажайы құрылысы салынған жағдайда биоалуантүрлілік компоненттерге Қоршаған ортаға əсерді алдын ала бағалау бойынша пікір
Жоба əзірлеушілер дайындаған, Көкжайлау таулы шипажайы (ары қарай ТШ) құрылысының биоалуантүрлілікке жəне аумақты таңдауда қателеспеуге ықпалын бағалау үшін «Көкжайлау» таулы шипажайы құрылысын техникалық-экономикалық негіздеу» бөлімі болып табылатын екі құжат қарастырылды:
1 Кітап 3 Том –«Көкжайлау» таулы шипажайы жобаланған аумақта «Қоршаған ортаға əсерді бағалау». Бөлімді «ГеоДатаПлюс» ЖШС əзірлеген. (лицензия № 01139Р 30.01.2008жылғы) Техникалық эксплуатациялық қызмет көрсету құрамында;
2 Кітап 3 Том – «Казақ Промтранспроект» ЖШС орындаған «Қоршаған ортаға əсерді бағалау» жобаланған шипажайдың шекарасынан Дулати көшесіне дейін кіреберіс автожол жəне сыртқы субұрғыш (шаруашылық-тұрмыстық кəріз желісі) желілері.
1. Қоршаған ортаға əсерді бағалау толықтығы
1.1. 1 Кітап – ҚОƏБ ГК
Таулы шипажайдың техникалық-экономикалық негіздемесі толық нақталмаған, осылайша Көкжайлау шипажайына əзірленген қоршаған ортаға əсерді алдын ала бағалау бойынша əсер етудің шынайы көлемі анықталмағанын айтып өтейін (1 Кітап). Əзірлеушінің сайтында көрсетілген Концепциядан жобаланған шипажайдың сипаттамасын жəне «Əсер етудің түрлері мен дереккөз тізімінде», яғни ҚОƏБ (72 бет) көрсетілген жер телімімен құрылыс нысандарын шамамен бағалауға болады. 1-ші Кітапта құрылыс салу туралы, құрылыс сызбалары жəне т.с.с. өзге ақпараттар келтірілмеген.
ҚОƏБ даярлау ережелеріне сəйкес, ол мынадай ұстанымдарға негізделуі тиіс екенін естеріңізге саламын:
«3) баламалыққа – əсер етуді бағалау, жобалық шешімдердің нұсқалары мен көздеген істен бас тартуды қосқанда (нөлдік нқұсқа), жоба шешімдерінің баламалық үлгілерін қарастыруға негізделеді;
5) сақтау – көзделген іс биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне, аумақтың биомассасы мен биоөнімділігінің кемуіне əкеліп соқтырмауы тиіс, сонымен қатар атқарылатын іс барысында биосфераның аса маңызды табиғи компоненттерінің тозуына кері ықпалын тигізбеуі керек;
6) үйлесімділік – көзделген іс жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын нашарлатпауы жəне шаруашылықтардың өзге де түрлеріне шығын келтірмеуі тиіс. Сонымен қатар жануарлар мен өсімдік əлеміне де залалын тигізбеуі шарт.
Қазіргі жағдайда баламалылық, «нөлдік» нұсқалары да айтылмаған. Егжей-тегжейлі тоқталмай тұрып, жоба əзірлеушілердің өсімдік жəне жануарлар əлеміне, тіпті ҚР Қызыл кітабына енген түрлерді есептегенде, кері əсерлерін белгілегенін айта кетейік. Өтемақыға келер болсақ, өсімдік жəне жануарлар əлемінің шығынын «шартты» түрде – мемлекеттік бюджетке төлем ретінде қайтару мүмкін, оның есебінен шипажайдың
алғашқы кезеңінің (коммуникация жəне т.б.) құрылыстары жоспарланған. Жəне бұл төлемдер құрылыстардың шығын жоспарына енгізіледі, яғни мемлекеттік бюджет қаражат береді жəне дереу өзіне қайтарып алады, бұл жерде шынтуайтқа келгенде өтемақы шартты түрде жүрізіледі.
«Концепцияда» көрсетілген тау бөктерін қарға орау үшін қажетті су қоймасы салынуы тиіс нысандар тізімінде (72 бет) жоқ; оған сəйкес, су тұтынудың жəне пайдаланудың бұл көлемі су айдынына жəне экожүйеге тау шипажайының əсер етуі көрсетілмеген. Оның үстіне ауқымды су қоймасының бар болуы тəуекелдерді бағалау бөлімінде жазылмаған – «Апатты жағдайда қоршаған ортаның компоненттеріне əсер ету» бөлімі (103 бет). Оған қоса Көкжайлау 9-баллдық сейсмикалық аймаққа кіреді жəне бұл факторды ескермеуге мүлдем болмайды. Осылайша, ҚОƏБ бұл бөлімдері толықтырылмаған.
Тау шипажайына келушілердің сандық көрсеткіштері көрсетілмеген. Жұмысшылар, бір күндік келушілер, қонақ үй тұрғындары; оған сəйкес, дем алатын орынның экожүйеге ықпалы туралы алдын ала бағалау жазылмаған.
Көлік қозғалысының сандық көрсеткіштері жоқ, тау шипажайына туристер қандай жолмен, қалай келетіні көрсетілмеген, бұның алдын ала бағалауға маңызы зор. Шипажайдың даму Концепциясында жеке көлік жоғары көтерілмейді деп көрсетілген, тек қызметтік көліктерге рұқсат етіледі; Ал ҚОƏБ-да автотұрақтар салынады делінген.
Онда техникалық-экономикалық негіздеме мəліметтері жоқ болса (Техникалық-экономикалық негіздеме есептері бар-жоғы түсініксіз) ҚОƏБ неге негізделіп жасалғаны түсініксіз жəне қоршаған ортаға əсерін бағалауға ауқымды су қоймасы (оған қарамастан «Озеро» мейрамханасы көрсетілген) тəрізді маңызды нысандар жоқ.
Сонымен, ҚОƏБ-дың 64-65 бет-де көрсетілген: “10. Тарихи-мəдени мұра нысандары. Алматы облыстық тарихи-мəдени мұраларды сақтау орталығының мəліметі бойынша, қарастырылып отырған аймақта тарихи-мəдени мұрағат нысандары жоқ (№15 хат 31. 10.2014 ж., 5 Қосымша)… Көкжайлау шатқалында қорғандар мен қорымдар, тас мүсіндер мен тасқа сызылған суреттер, қалалар мен елді-мекендер, яғни далалық зерттемелер мен қордаланған материалдарды сараптау нəтижесінде тарихи-мəдени мұрағаттар табылған жоқ. «Археологиялық сараптау» ЖШС-нан алынған ақпаратқа сəйкес, Көкжайлау шатқалы аймағында тарихи-мəдени мұрағаттардың 96 нысаны белгіленген. Оған сəйкес, «Археологиялық сараптау» тарапынан əкімшілікке бірнеше рет хат жолданған, «Көкжайлау» ЖШС-на шешімдер жолданған. Осылайша таулы шипажайдың ҚОƏБ бойынша үлкен қате жіберілген жəне тарихи-мəдени мұрағаттарға байланысты жағдай дереу анықталуы тиіс. Бұл Көкжайлау шатқалында туризмді дамытуда түрлі нұсқаларды ұсыну үшін міндетті түрде ескерілуі қажет.
1.2. 2 Кітап – автожол мен кəріз жүйесінің ҚОƏБ
Жоспарланған қызмет түрінің ҚОƏБ-да баламалы жəне нөлдік нұсқаларын қосқанда,техникалық тетіктері мен параметрлері айтарлықтай жеткілікті жазылған.
Десек те, «Флора мен фаунаға əсерін бағалау» (70 бет) деп аталатын 12-ші бөлімінде фауна мүлдем ескерілмегенде, флорамен ғана шектелген.
13.1 бөлімде, «Мəдени-тарихи жəне археологиялық ескерткіштер» (73 бет) табиғи ескерткіштермен шатастырылған (Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңына жəне қосымшадағы кесте тізіміне сілтеме жасалған); екі тарихи-мəдени мұрағаттың бар екені
(«Археологиялық сараптама» мəліметі) ескерілмеген. Оған қоса, Қоғамдық тыңдалымда (4 қараша 2018 ж., Алматы қ.) ҚОƏБ бойынша жобаны əзірлеушілер өкілі осы екі нысан турасында автокөлік жолына əсер етуі мүмкін бөлігінде хабарлаған. 2-ші Кітаптағы бұл бөлім толықтырылады деп күтеміз.
1.3. «Том 3, ҚОƏБ 3 Том, Техникалық-экономикалық негіздеме» бойынша жалпылама:
Шипажайдың қоршаған ортаға əсерін бағалау бір бөлек, жолдар мен кəріз желісінің құрылысы бір-бірінен тəуелсіз қарастырылады, бұл түбегейлі дұрыс емес жəне сараптаманың ұстанымдарына қарама-қайшы келеді. Бұл нысандардың бірде бірі бөлек-бөлек салынбайды, бір-бірімен сабақтасастын нəрсе; жолдың параметрлері, кəріз желісінің қажеттілігі шипажайдың параметрлері арқылы анықталады. Себебі олар бір аумақта орналасады, сол бір экожүйеге əсерін тигізеді, сондықтан олардың əсерін ортақ, бүтін жəне өзара байланысты екенін ескеру қажет.
2. ҚОƏБ-да шатқалдың биоалуантүрлілігін жəне бағалауды негіздеу
ҚОƏБ əзірлеушілер шипажай орналасатын Көкжайлау шатқалының биологиялық алуан түрлілігін, табиғатты қорғау мен бальнеологиялық құндылығын жіктеп көрсеткен. Бұл аймақтың туристік қызығушылығын дəл осы параметрлер құрайды. ҚОƏБ бұл бөлімдерге қоятын сұрақтары жоқ.
Таулы шипажайдың ҚОƏБ-дан дəйексөз келтірейік:
«Таулы шипажай құрылысы участкесінде өсімдік топтары таралған, оларды қорғауды ұйымдастыруға аса назар аудару қажет:
• Учаскі шекараларының жоғары белдеулерінде шырша ормандары бар.
• Шыршаның жатаған жатаған тобына жататын Шренка топтары.
• Орман шекарасының жоғарғы жағында тал-шілік бұталықтар, олардың сирек кездесетін түрлері бар. Жəне өсімдіктердің де сирек топтары өседі.
• Биік тау етектері – альпі жəне альпі жоталары, ол жерлерде өсімдік əлемі өте бай – эндемикалық жəне сирек түрлері кездеседі.
• Суықсүйгіш өсімдіктердің алуан түрлі топтары жəне биік таудың мəңгі қарбелдеуінде өсетін субнивальді ультраореофиттің топтары мен түрлері.
• Өсімдіктердің сирек түрлерінің далалық жəне жайылымдық топтары».
«Ұлттық парк қызметі барысында (1996-2013 жж.) парк аумағындағы флора мен өсімдіктердің, сонымен қатар Көкжайлау алқабы да, əсіресе шырша өсетін бұрынғы өрт шалған учаскелер де табиғи жолмен қайта қалпына келтірілгені байқалады… Қазіргі кезде Көкжайлау алқабының шырша ормандары мен өзге де алаңдарының жалпы ахуалын жақсы деуге болады, себебі соңғы 20 жылда ағаш кесу болған жоқ жəне өрттен аман… . 2015 жылдан бері, алқаптың шамамен тең жартысы (төменгі бөлігі) ұлттық парк құрамынан шығарылған, мұнда дербес туризм орын алды, соқпақ жолдар дамыды, оған сəйкес су эрозиясы таралып, топырақты су шайып кетті, бұл өсімдіктердің өсуіне кері əсерін тигізді… Жаяу туристердің бақылаусыз ағымына қарамастан, шырша ормандарының кемуі əзірге байқалмайды. Жаяу туристер ені 0,5 см тұрақты соқпақ жолдармен жүреді. Өсімдіктердің белсенді түрде механикалық бүлінуі Терісбұтақ өзені сағасында (Казашка өзені сағасымен 500 м.жоғары) байқалады. Мұнда туристер жиі келетін, жиі қысқа мерзімге дем алатын тұрақты орындар бар. Рекреациялық бүлінуге ұшыраған шыршалардың жалпы аумағы 4-5 га-дан аспайды». (53 бет). Зерттелген аумақта шырша ормандарының маңызы зор, олар рекреациялық ресурсқа ие, ортаны тұрақтандыратын жəне санитарлық-сауықтыру жүйесі ретінде қарастырылады. Дегенмен, бұл экожүйеде рекреациялық шараларды шектеу қажет, себебі, ауқымды рекреациялық шаралар қайтарымсыз залалдарға əкеліп соқтыруы мүмкін.
«Жобаланған аумақта өсімдік жамылғысының ахуалын қанағаттанарлық деуге болады. Жайылымдық құлдырау жоқ. Өсімдіктің дамуында морфофизиологиялық ауытқушылықтар жоқ».
«Көкжайлау шатқалы мен оның айналасындағы аумақты зоолог мамандар балықтың 4-ке жуық түрінің, амфибияның 3 түрін, бауырыменжорғалаушылардың 4 түрін, құстардың 180-ге уық түрлерін жəне сүтқоректілерлің 46 түрінің бар екенін айтады. Олардың арасында ерекше қорғау шараларын қажет ететін 24 түрі бар: қосмекенділердің 1 түрі, құстардың 20 түрі, сүтқоректілердің 3 түрі (қоңыр аю көрсетілмеген, бірақ, ҚОƏБ 2 томы – жол жазылған; курсив менікі). 2017 жылдың күзінде қар жамылғысы тұрақтанған кезде Күмбелден төменірек қар барысы кездесті»…
Сирек кездесетін түрлерімен қоса өзге де көптеген аңдар мен жануарлар аңшылардың нысанына ілігеді, олар үшін ұлттық парк жан-жануарлардың популяциясын сақтайтын орын ретінде қабылданады.
«Сүтқоректілердің бірқатар түрлері азықтың қол жетімділігіне байланысты маусымдық сатылап (таудың жоғарғы белдеулерінен баурайына қарай) тіршілік ортасын ауыстырады. Сатылап тіршілік ортасын ауыстыру – қалың қар жауған кезде, азық тауып жеу қиындаған мезгілде – аңдардың тұяқты түрлеріне тəн. Олар таудың жоғарғы белдеуінен қылқан жапырақты орманды жағалайды. Ал кейбірі (еліктер) тау баурайына келеді. Өз азығын іздеп барыс, қасқыр, сілеусін тəрізді ірі жыртқыштар да тау баурайына ығысады. Көктемде – жаздың басында аңдардың көшіп-қонуы керісінше (жоғары қарай) басталады. Ол кезде таудың төменгі белдеуінде шөптер мен жасыл желең кеберсіп, жоғарғы белдеуде көк майса шөп шыға бастайды». ( 63 бет)
«Зоология Институты мамандары б.ғ.д. Казенас В.Л. мен б.ғ.к. Жданко А.Б. материалдарына сүйенсек, Көкжайлау шатқалы аумағында жəндіктердің, əсіресе сирек
кездесетін жəне ерекше қорғалуға тиіс, жойылып бара жатқан түрлері көп тіркелген. Аумақта омыртқасыздардың сирек кездесетін 11 түрі тіркелген: Parnassius apollo, Parnassius tiansdhanicus, P. delphius, Karanasa dublitzkyi, Tersamolycaena splendens, Carabus lindemanni Ball., C. hiekei Kabak et Kryzh., Dorcadion grande B. Jak., Coccinella tianschanica Dobzh., Chilocorus bipustulatus L., Stethorus punctillum Wse. Бірақ, зерттеліп отырған учаскіде жəне оның маңындағы аумақта жойылудың алдында тұрған, Сирек кездесетін аңдар қатарына енгізілген омыртқасыздардың өзге де түрлері тіршілік етуі мүмкін». (63 бет).
«Далалық зерттеулердің қазіргі кезеңінен зооценозда түбегейлі өзгерістердің болмағанын көреміз. Учаскінің аумағы ұлттық парк аймағында орналасқандықтан жануарлар əлемінің заманауи ахуалын қанағаттанарлық деп бағалауға болады.
«Іле Алатау ұлттық паркі аймағындағы көптеген аңдар мен құстардың санына кері əсер ететін негізгі фактор, антропогендік, браконьерлік жəне ұйымдастырылмаған, туристердің “жабайы” дем алу екені сөзсіз. Жалпы жануарлар əлемі жылдан жылға көбейіп келе жатқан, əсіресе велосипедпен, кейде атпен, соңғы кездері квадроциклмен келетін туристер қатарынан, антропогендік қысым көруде. Осыған байланысты, адамдар көбіне шатқалдағы желілік учаскілермен (тұрақты соқпақтар мен сүрлеулермен) жүретіндіктен, аңдардың көптеген түрлері адамдарға бейімделеді”. (53-54 бет).
ҚОƏБ-да «эстетикалық құндылықтар, бірегей ландшафт, фитонцидтерге бай таудың саф ауасы, су бұлақтары, емдік қасиеттерге ие -шұбат пен қымыз өндіру мүмкіндігі, көліктік коммуникацияға тиімді орналасуы жəне т.с.с. – шипажайлық көрсеткіштерді ескерсек, бұл аймақтың жоғары шипажайлық жəне бальнеологиялық маңызға ие екені нақты айтылған. ҚОƏБ-да, Көкжайлау шатқалына Алматы қаласы жəне қонақтары жиі келеді, жаяу, атпен жəне велотуристік бағыттар белсенді дамығандығы нақты көрсетілген. … Бағыттарды жақсартып, дұрыс ұйымдастырған жағдайда Іле-Алатау МҰТП жəне “Көкжайлау” ТШ-на келушілердің мақсатына, жас ерекшелігіне қарай, дайындық деңгейін ескере отырып, ғылыми жəне танымдық бағытта пайдалану мүмкіндігін қарастыруға болады. Жалпы алғанда, Көкжайлау шатқалының сауықтыру мүмкіндіктері зор, сонымен қатар рекреация мен туризм бағытында үлкен болашағы бар: таза ауа, жеке көлікпен немесе қоғамдық көлікпен, жаяу немесе велосипедпен Алматы қаласының кез-келген жерінен, жыл мезгілінің кез-келген кезінде жету қолайлығы. Шатқалдың көп бөлігінде экожүйе жақсы сақталған, ал ландшафт жоғары эстетикалық құндылыққа ие, жылғалар мен көптеген ұсақ өзендер бар» (66-67 бет).
ҚОƏБ-да көрсетілген жəне егжей-тегжейлі негізделген аумақтың құндылығы, болуы мүмкін шаруашылық бағыттың кез-келген бағытын игеруде экожүйеге əсер етуінің барлық аспектілерін бағалағанда айрықша назар аударуды меңзейді.
3. ТШ-дың құрылысы жəне жұмыс істеуін биоалуантүрлілікке болжау мен бағалау
ТШ-дың ҚОƏБ-да құрылыс барысының əсер етуінен өзге, келесі «Көкжайлау» ТШ-ын пайдалану кезеңіндегі əсер ететін негізгі факторлар:
• Əрдайым адам санының жоғары көрсеткіші (шипажай қызметкерлері, туристер мен дем алушылар);
• Шипажай орталығындағы автотұраққа келетін автокөліктер;
• Қыс мезгілінде шаңғы жолдарына қар төсеу, жазда топырақ құнарлығын қалпына келтіру;
• Атпен немесе жаяу дем алушылар мен туристердің қозғалысы (көктем, жаз, күз) жəне қыста шаңғы жолдарында сырғанау;
• Арқан жолдың жұмыс жасауы;
• Шуыл, жарық, сонымен қатар түнгі мезгілде.
«Жалпы,«Көкжайлау» ТШ-ның шаруашылық бағыттағы қызметінің аумақтың қоршаған ортасына əсер етуінің негізгі факторлары төмендегідей:
• аумақтың экожүйесіне жəне табиғи ландшафтына тікелей жəне орташа əсер етуі оның ахуалы мен құрылымын төмендетеді;
• аумақтың биоалуантүрлілігіне тікелей жəне орташа ықпал етуі флора мен фаунаның өзгерістеріне жəне жойылуына немесе Қызыл кітапқа енгізілген жəне эндемикалық түрлерінің жойылуына əкеліп соқтыруы мүмкін;
• ормандарға тікелей жəне орташа əсер етуі;
• су көздеріне тікелей жəне орташа əсер етуі».
Бұл тізім толықтай ұсынылып отыр. ҚОƏБ-да ТШ-ды бірнеше компоненттерге қатысты бағалауды қарастырайық.
3.1. Су ағыны
«Қоршаған ортаға əсер етуі негізінен өсімдік жамылғысы қалпына келтірілмеген немесе топырақ өзге жолмен тегістелмеген бөктерлердегі су ағындарына таралуы мүмкін. Бұл əсер ету судағы қалқыма бөлшектер концентрациясының жоғарылауы түрінде байқалады, өз кезегінде су биотына кері ықпал етеді».
3.2. Топырақ
«Топырақтың қаулап өскен беткі қабаты мен жəне құнарлы қабаты экологиялық, шаруашылық құндылығын жоғалтқан экономикалық, экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру кешендік шаралары үшін пайдаланылады, бірақ, топырақтың эрозиялық үрдісінің, тұрақтылықты сақтау жəне ылғал сақтағыш қабілетінің төмендеуінің алдын алуға, өсімдік қайта қалпына келмеуі немесе айтарлықтай жылдам қалпына келмеуі мүмкін. Топырақтың тығыздануы тереңдей беріп, оның тоңдану ұзақтығын арттырады. Қар жамылғысын көбейту жүйесі арқылы қар шашу жəне қар көшкіні бұл əсерді азайтады, бірақ, еріген қар суларының көлемін ұлғайтады. Топырақтың тығыздануы сонымен қатар ауаның өтуін баяулатып, топырақтың тығыздығына сезімтал өсімдік түрлерінің тамыр жаюын қиындатады. Еріген қар суларының жердің бетімен ағуы жəне оның ұлғаюы топырақтың суды бөгендеу қабілетінің төмендеуіне, топырақ эрозиясына əкеліп соқтырады».
«Осылайша, топырақтың жоғары сезімталдығынан ұзақ уақыт бойы оған тікелей жағымсыз əсер ету жүреді. Десек те, ол сол жерде ғана болады жəне оны қалпына келтіруге болады, бірақ, желілік эрозия тəуекелі де жоқ емес». «Шаңғы жолдарын орналастырғанда, желілік су эрозиясы өршіп, түрлі шұңқырлар пайда болады». (90-92 бет). Баурайларды пішіндегенде желілік су эрозияның бəрібір болатынын өз атымыздан қосайық.
3.3. Өсімдік
«Бұзылған учаскіде өсімдіктерді қалпына келтіру (құрылыстан кейін) əр түрлі жылдамдықпен жүргізіледі. Шағын əсер етуге ұшыраған учаскілерде өсімдік жылдам өсіп шығады, өсімдік жамылғысы толығымен бұзылған учаскілерде қалпына келу үрдісі ұзақ уақытты алады. … Қар шашу жүйесі қолданылған жерлерде, эфемероид – өсімдігінің гүлдеу кезеңі үшін қолайлы өсімдік жамылғысы жоқ болса, гүлдеу үрдісі қысқарады, тіпті гүлдемеуі мүмкін. Қар шашу жүйесі қолданылған жоғары белдеулерде кейбір бір жылдық өсімдіктерде фенологиялық фазасы кешеуілдеуі мүмкін, нəтижесінде генеративтік фазасында (гүлдеу, жеміс беру) тұқымы пісіп жетілмейді. Бұл ұзақ жалғасқан жағдайда өсімдік түрлері регресске ұшырайды. Оның үстіне жасанды қар шашу таудың жоғары белдеуіндегі өсімдіктердің баурайына қарай, өзге белдеуге өтуіне ықпал етеді. … Қардың тығыздануы топырақтың тығыздануын ұлғайтады, тамырларының сулануын жəне олардың өсуін қысқартады. … Дəнді-дақылды шөптер кеуіп, тұтануы мүмкін, бұл өрт шығу қаупін ұлғайтады». (93-94 бет).
«3,7 га-да ағаштарды кесу (ТШ учаскісі, жолды есептемегенде) керек болады, 31 участкіде (шамамен 880 ағаш) кесілуі тиіс. Ағаштардың қомақты данасы тау шаңғысы жолын салу үшін кесіледі (29 учаскі), 0,0287 га инфрақұрылымға арналған учаскіде жəне 0,0197 га –ды құрайтын 1-ші учаскіде шипажайдың ішкі жолдарын салуға кесіледі». Жол құрылысын жүргізу үшін орташа есеппен 5243 ағаш жойылады, соның ішінде Сиверс тұқымды алманың 433 данасы, кəдəмгі өрік ағашының 180 данасы кесіледі.
«Тау баурайларында, шаңғы жолдарын əркез пішіндеу жүргізілетіндіктен, яғни ұзақ уақыт бойы өсімдіктерге жағымсыз əсер етіледі. Қардың тығыздану жəне тау баурайларына қар шашу да кері əсерін тигізеді. Сондықтан шаңғы жолдарында өсімдіктерге əсер ету аумақ көлемінде шектеулі, ал уақыт дейгейінде көп жылдарға созылады, белсенділік тұрғыдан қанағаттанарлық».
Менің пікірім бойынша, шаңғы жолдарында өсімдіктерге əсер ету белсенді түрде болады, мұндай ахуалды «Шымбұлақ» ТШШ-нан байқауға болады. Оның үстіне дем алушылар қатарының көбеюі шырша тұқымдастарға кері əсерін тигізуі мүмкін. ҚОƏБ-да бұл жөнінде сандық көрсеткіштер көрсетілмеген. Таулы шипажай аумағын көгалдандыруда өсімдіктердің жабайы түрлері əкелінуі мүмкін, сонымен қатар жаңа көшеттерге, қоршаған орманға айтарлықтай зиян келтіретін жəндіктердің зиянкес түрлері де келеді.
3.4. Жануарлар əлемі
Өсімдік жамылғысының деградацияға ұшырауы нəтижесінде антофильді жəндіктер фаунасы зардап шегуі мүмкін, оның ішінде екі қанаттылар (шыбын жəне қан сормайтын масалар), олар таудағы гүлдейтін өсімдіктерді тозаңдандыратын негізгі жəндіктер. Жарық көздері түнгі жəндіктердің жаппай қырылуына əкеліп соқтыруы мүмкін; жасанды жарық көзі көбіне түнде белсенді жүретін барлық аңдарға зиян келтіреді.
«Нысандар, ғимараттар мен жолдар құрылысы, зертеліп отырған аумақта омыртқалы жəне омыртқасыз жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуына əкеліп соқтырады. Ғимараттар мен құрылыс нысандарының астындағы топырақта түрлі ағзалар тіршілік етеді, олардың сандары біршама азаюы ықтимал. … Көліктердің қозғалыс белсенділігі артуынан, бауырымен жорғалаушылар, кейде кеміргіштер, ұсақ жыртқыштар жəне қанатты жəндіктердің көлік астында қалу қаупі ұлғаяды. Бұл фактор, адамдардың келуімен қоса фауна өкілдерінің құрылыс жүріп жатқан жерден тіршілік ортасын уақытшы ауыстыруына ықпал етуі мүмкін» …
«Бұрын адам аяғы баспаған аумақта шаңғы жолдары мен туристік соқпақтардың дамуы, жазғы мезгілде келушілер қатарының артуы, сонымен қатар табиғи тіршілік ету ортасының өзгеруі, жануарлар əлемін ығыстырып, олардың иммунитеттерінің төмендеуіне, тіршілік ету қабілетін нашарлатып, омыртқалы жануарлардың (кеміргіштер жəне т.с.с.) ұсақ түрлерінің қырылуына əкеліп соқтыруы мүмкін. … Құрылыс кезінде аңдардың ығыстырылуы қалыпты жағдай болғанымен, нысандарды пайдалану барысында аңдардың орманда тіршілік ететін көптеген түрлері өзгеріске ұшыраған тіршілік ету ортасына бейімделе бастайды. …Егер бұл фактор үнемі жүретін болса аңдар (қасқыр, түлкі, ұсақ сүтқоректі, тұяқты аңдар) айналадағы тынышсыздыққа дағдыланып кетеді. … Қатаң климаттық жағдайда жəне қорегі азайған кезде жабайы аңдардың көптеген түрлері күйзеліске ұшырағанда, əсіресе қыз мезгілдерінде адамдардың əрекет етуі де белсендірек болады. Аязды жəне қар көп қыс айларында шөпқоректі, олармен қатар жыртқыштар тау биігінен оның баурайына қарай қоныс аударады. Олардың шипажай аумағы арқылы өтуіне адамдар, жарық, шуыл жəне қорғандар кедергі болуы мүмкін. Қар аз қыс мезгілінде тау ешкілері төменгі белдеулерге келмей, солтүстік баурайда қалады. Бұл тау баурайлары жобада қарастырылмаған» (95-96 бет).
Соңғы тұжырыммен келіспеуге болмайды. Иə, жоба бұл тау баурайларын тікелей қарастырмаған, бірақ, орта тау жоталарындағы орман аймағын кесіп өтеді, бұл аңдардың үркек түрлерін – яғни ірі сүтқоректі түрлерінің – күн суық кездері қоныс аударуын қиындатады. Олардың шипажай аумағы арқылы өтуін адамдардың жүруі, жарық, шуыл, қоршалған учаскілер қиындатады, ендеше азық көзі мен тіршілік ету аймағы болып табылатын шырша орманына келуі тоқтатылады.
ҚОƏБ өзге бөлімінде нақты көрсетілгендей, «Шипажай құрылысы мен дамуы кеңінен таралған ұсақ аңдар түрлерінің ұсақталуына, бір-бірінен жекеленіп, шағын топтарға бөлінуіне əкеліп соқтырады. Шағын топтар арасындағы байланыс үзілген немесе бұзылған жағдайда аңдар аумақты қайтадан мекендеу жəне жойылып бара жатқан түрлерін толықтыру қабілетін жоғалтады. Популяцияның шағын көлемі мен тіршілік ету, азық тауып жеу ортасының азаюы, негізінен табиғи ортаның өзгерістеріне бейімделу қабілетінің төсендеуіне əкеліп соқтырады.
Көрші шатқалдардың дамуы, болашақта шаңғы шипажайынан ығыстырылған аңдар үшін қосымша үлкен күйзеліс болады.
«Шипажай учаскілері мен оған қарасты аумақта қоныс басталғанда аң-құстардың синантропты түрлері сұр көртішқан, үй тышқаны, құстардан – дала жəне үй торғайы, үлкен саршымшық, көкшіл сұр көгершін жəне қарға ығыстырылады. Ат қоралардағы жем-шөп, дем алыс орындарында дем алушылар қалдыратын тағам қалдықтары көртышқан, қабан, қарға, сауысқан, көгаршын, торғай тəрізді синантропты аң-құстарды қызықтыруы мүмкін. Нəтижесінде осы жерде үнемі тіршілік ететін аңдар, жəндіктер, құстар (ұялары мен ұрпақтары) зиян шегуі мүмкін. … Індерде тіршілік ететін кеміргіштердің ығысуы, олардың аштан қырылуына əсер етеді жəне шипажайға келушілердің иттерінен зардап шегуі мүмкін». Қабан мен саршымшықты айтпағанда, басқасы дəл солай.
Шаңғы жолдары учаскесінде «шипажайды пайдалану кезеңінде шаңғы жолдарына жасанды қар шашу, шаңғы тебумен, адамдардың көп келуімен байланысты əсер ету, кеңістік деңгейінде шектеулі деп бағаланады, уақыт мөлшерімен көп жылға, белсенділік деңгейімен – күшті деп бағаланады. Жануарлар əлеміне басымырақ əсер ету дейгейі туралы соңғы тұжырыммен толық келісуге болады.
2014 жылы ҚОƏБ-да келтірілген, Іле -Алатау МҰТП мəліметі бойынша, Көкжайлау ТШШ үшін, аңдардың бағалы түрлерінің бірқатарының сандық көрсеткіші қалыпты жағдайдан кем. Болуы тиіс көрсеткішпен салыстырсақ сандық үлесі:
Сібір елігі – 89%
Борсық – 75%
Сұр суыр- 74%
Марал – 64%
Құр – 58%
Сақалды шіл – 55%
Кекілік – 53%
Гималай ұлары – 43%
Сібір тау ешкісі – 35%
Қабан – 33%
Тіршілік ету ортасының өзгеруі мен (түнде де, күндіз де) тыныштығын алу факторлары салдарынан ірі сүтқоректілердің – қар барысы, сілеусін, аю, тау ешкісі, маралдың басым таралу аймағы өзгеруі мүмкін. Құстар мен аңдардың бағалы түрлері қазір қалыпты ахуалға немесе шынайы сандық көрсеткішіне сəйкес келмейді (жоғ.қара); Мысалы, тау ұларының саны мен тау ешкісінің саны қалыпты мөлшердің 34-45 пайызын құрайды. ТШШ-ның пайда болуымен аталған алты түрдің популяциясын қайта қалпына келтіру елеске айналады.
МҰТТ-тің ортасында орналасқан шипажай оның аумағын орта тау жоталары арқалы қақ бөледі, құрылыс сапасына жəне компенсациялық шараларға қарамастан үркек аңдардың қоныстану үрдісін бұзады, нақты айтқанда тікелей тіршілік ортасынан айырып, көбеюіне зиян келтіреді, дұрыс қыстап шығуларына жəне т.с.с. кері əсерін тигізетінін айта кетейік.
Белгілі бір жердегі, тіпті, МҰТП көлемінде аңдардың ірі түрлеріне жағымсыз əсер белсенді жүреді. Жануарлар мен өсімдік əлеміне əсерін болдырмауға келетін болсақ, ол шипажайды салдырмау жағдайында ғана мүмкін. Еуропаның тау шаңғылы шипажайларында бірқатар зерттеулер жүргізілген, оның нəтижесінде шипажайлардың айналасында ормандар мен шалғындар сақталғанымен құстардың бірқатар түрлерінің қатары сирегені байқалған (Layolo, Rolando, 2005; Patthey et al., 2008; Jimenes et al., 2013 жəне басқа), яғни, жуық маңда шипажай болған жағдайда олардың ұсақ түрлері де бейімделе алмайды.
Күмбелдің жоғарғы учаскелеріне кездесетін жыртқыштың ірі түрі – қар барысы əсіресе қыс мезгілінде баса назарды қажет етеді. Бұл – қорғауда халықаралық деңгейде күш салуды қажет ететін сирек түрі, жоғарыда айтылған жағымсыз əсерлердің салдары оны толығымен қамтуы əбден мүмкін, тіпті барыстың негізгі азығы тау ешкісінің популяциясының азаюына ықпалын тигізеді.
2013 ж.22-23 қазанда Бішкекте қар барысын сақтау бойынша Ауғаныстан, Бутан, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Непал, Пəкістан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан тəрізді барлық елдер министрліктерінің, Қырғызстан Президентінің қатысуымен ауқымды форум өткізілген. Қазақстан делегациясын Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мырза басқарды. 12 ел өкілдері жетекшілерінің атынан, «Қар барысын сақтау бойынша Бішкек декларациясы» қабылданды, олар төмендегі мəселе бойынша келісім жасады:
«… Жалпы ландшфатты сақтау, қар барысы топтарының маңызды аумақтарын анықтау арқылы тіршілік ету ортасына қажетті барлық күш-жігерді белсендіріп, жер пайдаланудың кей түрлеріне тыйым салынған аймақ деп белгілеп, ол жерлердің бүтіндігін сақтап, табиғи дəлізбен сабақтастығын сақтап, қорғауды күшейту», сонымен қатар, «….
Өндіріс, инфрақұрылым жəне ауылдық аудандарды дамыту бағдарламалары мен жобалары қар барысын қорғау қажеттілігін жəне оның экожүйесін толық ескеруді қамтамасыз ету, сондай-ақ, маңызды популяцияға немесе мекендеу орындарына жағымсыз əсер етпейтін, жабайы жануарлар үшін пайдалы жобалық шешімдер, өтемақылар жəне басқа да салдарын жұмсарту құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету».
2017 жылы Бішкек қаласында қар барысы турасында кезекті Форум өткізілді. Онда жаңартылған декларацияны Қазақстан тарапынан ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев қолдады.
Əлбетте, ТШШ-дың құрылысы, барыстың тіршілік ететін жерлер аумағының қысқаруына жəне барысқа азық болатын аңдар қатарының сиреуіне, яғни аңдар түрлерінің тіршілік ортасының нашарлауына, Бішкек декларациясында Қазақстан келіскен ұстанымдарға қайшы.
4. ТШ аумағының ықпалын жəне рекреациялық əсерлерді сандық көрсеткіш тұрғысынан бағалау
ҚОƏБ басты мəселе – экожүйеге келтірілуі мүмкін зиянның көрсеткіштерін бағалаудың жоқтығы. Өсімдік жəне жануарлар əлеміне ықпалы туралы барлық болжамдар шартты түрде бағаланған, ешқандай зертемелер қорытындысымен бекітілмеген. Өкінішке орай, əсер ету аймағы қалай есептелгені түсініксіз. Əлбетте, əсер ету зерттемелерінде қонақ үйлердегі орындарға сəйкес, ең бастысы шипажайға келетін дем алушылардың саны, оларды шипажайға тасымалдайтын көлік саны, оған қосымша қызметкерлер саны көрсетілуі тиіс болатын. Болуы мүмкін рекреациялық əсердің көрсеткіштері еш жерде келтірілмеген, олар МҰТП құжаттарында болуы керек жəне ҚОƏБ авторлары оны Қазақстанда бар нормативтік əзірлемелер негізінде зерттемелдерінде пайдалануы тиіс еді.
МҰТП жарғысында экожүйені сақтау үшін «бір рет келушілерге келесі рекреациялық əсерлер белгіленген: жоғары тау белдеулеріне – 0,5 адам /га, таудың орта белдеуіне – 1 адам/га, тау баурайының төменгі белдеуіне жəне баурайына – 1,5 адам/га». Жарғы «Терра» ЖШС əзірлеген, Іле-Алатау МҰТП құрылуы техникалық-экономикалық негіздемесі негізінде дайындалған. ТШ-на келуі мүмкін дем алушылар қатары бұл шектеулерден бірнеше есе артық, ендеше қоршаған ортаның деградацияға ұшырауына əкеліп соқтырады. Ұйымдастырылған туризмде келушілер қатары «жабайы» туризмге қарағанда көбірек болуы заңдылық, дегенмен бұл жерде де нормативтерді ескеру арқылы бағалау жіті есептеулермен нақтылануы керек. Оның үстіне ұйымдастырылған туристер «жабайы» туристерді алмастырмайды, керісінше оларға қосылатынын ескеру қажет.
МҰТП-тен алынған аумақтың маңыздылығын бағалауда жəне ТШ құрылысы жоспарланған аумақта шипажайдың аумағын ғана емес, жыл бойы тыныштықты бұзатын факторларды,жануарлар əлеміне құндылығын жоғалтатын Көкжайлау шатқалы мен Күмбел баурайының барлық аумағына тікелей жəне жанама түрде түрлі деңгейде əсер етілетінін ескеру керек. Ірі жануарлардың тіршілік етуіне жарамсыз болып қалған учаскілердің сипатын – яғни өсімдік, ландшафт, көрші шатқалдарға қарағанда сақталу деңгейі, солтүстік беткейдегі шырша орманының кесілуі, шатқалдың МҰТП –нің қақ ортасында орналасқандығы, яғни қоршаған ортаның фрагментациялануы сипатын ескеру қажет. Туристерді жоғары тасымалдайтын қондырғыны таудың биік беткейіне, шырша орманы аумағына салу жоспарланған. Орман белдеуінің аумағы, оның жоғарғы шекарасына дейін МҰТП аумағының үштен бірін, яғни 55 мың га-ды (МҰТП жалпы аумағы -170920 га) алып жатыр. Шипажайдың аңдардың ірі түрлеріне тікелей əсер ету аймағы, МҰТП-тің шырша баурайындағы өзге аумақтан тыс аумағы, орташа есеппен 6 х 7 шақырым, немесе 4200 га. Əсер етудің төменгі бағалауына сəйкес, бұл ұлттық парктің осындай тіршілік ету аумағының орташа есеппен 8% -ын құрайды. Бұл учаскі рекреация үшін белсенді пайдаланылатын Үлкен жəне Кіші Алматы шатқалдарын біріктіреді, жəне адам көп келетін, қоршаған ортаға қатты əсер ететін факторы бар аймақ бұл жоғары белдеуде шамамен 9600 га, немесе тіршілік ету аймағының шамамен 18% . Дəл осы биік баурайларға жəне МҰТП-тің өзге де учаскілерінен үлкен салмақ түсетінін ескерсек, парк үшін адам аяғы бармаған аудандарын жоғалтып алу қаупі ұлғая түседі.
Түйін:
1. Іле –Алатау МҰТП-нің ең құнды учаскісінің бірі Көкжайлау шатқалы, оның
табиғатты қорғау жəне бальнеологиялық құндылығы жоғары, бұл ҚОƏБ материалдарында нақты көрсетілген.
2. ҚОƏБ-да, əсіресе 1 Кітапта –ТШ туралы бөлімінде –ескерілмеген жəне нақтыланбаған (1 бөлімді қара). Шипажайға апаратын жолдың, кəріз желісінің (1 жəне2 кітаптар) қоршаған ортаға əсері бір-бірінен бөлек қарастырылады, бұл түбегейлі дұрыс емес. Бұл компоненттер біртұтас кешенді құрайды, жəне олардың əсер етуі бір-бірімен байланысты, сондықтан жалпы қарастырылуы тиіс. Техникалық-экономикалық негіздеме жобасы ашық түрде ұсынылған жоқ, бұның өзі қоғамдық тыңдалым жəне сараптау ережелерін бұзу болып табылады.
3. ТШ-дың құрылысы мен пайдалану биоалуантүрлілікке – сирек кездесетін түрлері топтарының жойылуына, жергілікті деградация жəне тіршілік ету аумағының жалпы фрагментациясы, эрозия жəне жергілікті түрлердің синантроптармен ығыстырылуы жəне т.б. көптеген жағымсыз əсерлер əкеледі. Бұл ҚОƏБ-дың бірқатар бөлімінде белгіленген.
4. ҚОƏБ əсер ету бағалауының басты кемшілігі, экожүйенің осы типтеріне келетін зиянға нормативтердің жоқтығы, дем алушылар саны туралы мəліметті қосқанда, əсер етудің деңгейі мен сандық көрсеткішінің жоқтығы. Кез-келген жағдайда, қоршаған ортаға түсетін салмақ көлемі Іле-Алатау МҰТП Жарғысында көрсетілген нормативке сəйкес келмейді жəне аумақтың толық деградацияға ұшырайтынын болжатады. Дұрыс бағалау үшін ары қарайғы дұрыс есептеулер қажет.
5. Құрылыс сапасы мен өтемақы шараларынан тыс жүретін қоршаған ортаға кері əсер ету – аңдардың ірі түрлерінің (қар барысы, аю, сілеусін, тау ешкісі жəне т.б.) ығысуына жəне олардың тіршілік ортасының азаюына əкеліп соқтырады. Ендеше МҰТП-те олардың популяциясын қалпына келтіру елес болып қалмақ.
6. Алдын ала сараптаулар нəтижесі, көрші шатқалда адам игеріп жатқан ланндшафтың осы типін ескерсек, ТШ құрылысы салдарынан ірі жануарлардың тіршілік ортасы болып табылатын ұлттық парктің шырша ормандары белдеуінің 8-ден 18 пайызға дейінгі, бұл өте жоғары көрсеткіш, аумағының жойылатынын көрсетеді. Нақты əсер ету ГИС-технология арқылы есептелуі тиіс, МҰТП аумағы бойынша антропогендік зиян да ескерілуі тиіс.
7. Қар барысының сирек кездесетін түрі үшін тіршілік ету аймағын азайтатын жəне оның азығын азайтатын, яғни оның тіршілік ету ахуалын төмендететін, популяцияға нақты зиян келтіретін ТШ құрылысы, 23.10.2013 жылы жəне 2017 жылы тамыз айында 12 ел ареалы арасында Қазақстан қолдаған «Қар барысын қорғау туралы Бішкек декларациясына» қайшы келеді.
8. Жалпы, ТШ-ның барлық кешенінің (жолды қосқанда) қоршаған ортаға толық əсерін негіздеу үшін, Көкжайлау шатқалы бойынша ҚОƏБ-да нақты мəліметтер жоқ, əсіресе болуы мүмкін кері əсер мен жағдайлар турасында ақпараттар жоқ. Оған қоса, толық емес бағалаған кезде де, ҚОƏБ өсімдік жəне жануарлар əлеміне жоғары зиян келетіні жеткілікті көрсетілген. Осылайша, ҚОƏБ-ға кіретін техникалық-экономикалық негіздеме қабылданбауы тиіс.
9. Көкжайлау шатқалында құрылыстың кез-келген түрін бастауға сан көрсеткіштері нақтыланған ҚОƏБ-сыз, сонымен қатар құрылыс нысандарының жəне ТШ-ды пайдаланудың өзге де аспектілерін (экономикалық, əлеуметттік, тəуекелді толық бағалау жəне т.б.) толық есептеп-сараламайынша шешім қабылдауға болмайды. Жəне баламалы немесе нөлдік вариантты міндетті түрде қосу қажет. Бұл материалдарды толық қарастырғаннан кейін Көкжайлау шатқалында туризмді дамыту жолдары туралы тиімді шешім қабылдау керек. Тек ТШ құрылысынан бас тартатын «нөлдік вариант» қана, қосымша негіздемелерсіз қабылдануы мүмкін.
Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау бойынша қауымдастық (ҚБСҚ) жанындағы жанамалы биология Орталығы директоры, биол.ғыл. канд.
6 қараша 2018 ж.,Алматы
Скляренко С.Л.